Оқу бағдарламалары
Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Аппараттық және программалық қамтамасыз ету
1.1 Аппараттық қамтамасыз ету
- 10.1.1.1 басқару құрылғысының (БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау
2-бөлім. Деректерді ұсыну
2.1 Есептеу жүйелері
- 10.2.1.1 ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару
2.2 Компьютердің логикалық негіздері
- 10.2.2.1 логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)
- 10.2.2.2 берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құру
- 10.2.2.3 1 негізгі логикалық элементтердің нысаналы мақсатын түсіндіру: конъюнктор, дизъюнктор, инвертор
- 10.2.2.4 логикалық өрнектерді логикалық сызбаға және керісінше ауыстыру
2.3 Ақпаратты кодтау
- 10.2.3.1 Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру
3-бөлім. Ақпараттық процестер мен жүйелер
3.1 Реляциондық деректер қоры
- 10.3.1.1 "реляциондық деректер қоры" ұғымын түсіндіру
- 10.3.1.2 жол, жазба, индекс терминдерінің анықтамасын құрастыру
- 10.3.1.3 деректер қорында бірінші кілтті анықтау
- 10.3.1.4 Bigdata оң және теріс әсерлерін бағалау
3.2 Мәліметтер қорын жасау
- 10.3.2.1 деректер қорында мәліметтер типін анықтау (SQL)
- 10.3.2.2 біркестелі деректер қорын құру (SQL)
- 10.3.2.3 көпкестелі деректер қорын құру (SQL)
- 10.3.2.4 деректерді енгізуге арналған форма жасау (SQL)
- 10.3.2.5 алынған мәліметтерді қолдана отырып, есептерді жасау (SQL)
3.3 Құрылымдалған сұраныстар
- 10.3.3.1 конструктордың көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау (SQL (эс кю эль))
- 10.3.3.2 web –парақша мен деректер қорынның байланысын орнату
4-бөлім. Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
4.2 Web (веб)-жобалау
- 10.4.2.1 web (веб)-парақшаларды жасауда HTML (аш ти эм эл)-тегтерін қолдану
- 10.4.2.2 web-парақшаларды жасауда CSS (си эс эс) қолдану
- 10.4.2.3 web (веб)-парақшаларды жасауда дайын скриптілерді қолдану
- 10.4.2.4 Web (Веб)-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолдану
5-бөлім. Қосымшалар әзірлеу
5.1 Алгоритмдер және программалар
- 10.5.1.1 Функциялар мен процедураларды пайдаланып бағдарламалау тілінде кодты жазу
- 10.5.1.2 жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды пайдалану
- 10.5.1.3 ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану
- 10.5.1.4 практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау алгоритмдерін іске асыру
- 10.5.1.5 практикалық есептерді шешу үшін іздеу алгоритмдерін іске асыру
6-бөлім. Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
6.1 Компьютерлік желілерді ұйымдастыру
- 10.6.1.1 желілік компоненттердің қызметін сипаттау (желілік түйіндер, бағдарлауыш, коммутатор)
- 10.6.1.2 IP (ай пи)–адрестің жазылуы мен қызметтерін, ұсынылуын түсіндіре алу
- 10.6.1.3 (DNS (ди эн эс)) домен аттар жүйесінің қызметтерін сипаттау
- 10.6.1.4 жеке виртуалды желінің мақсатын түсіндіру
6.2 Ақпараттық қауіпсіздік
- 10.6.2.1 "Ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялық", "тұтастық" және "қолжетімділік" терминдерінің мағынасын түсіндіру
- 10.6.2.2 Деректерді шифрлау қажеттілігін бағалау
- 10.6.2.3 қолданушының мәліметтеріне қатысты қауіпсіздік шаралардың қолданылуын түсіндіру: құпиясөз, тіркелу жазулары, аутентификация, биометриялық аутентификация
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
10.1A Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
10.1B Деректерді ұсыну
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне сандарды аудару | 10.2.2.1 |
| Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) | 10.2.2.1 |
| Ақиқат кестесін құру | 10.2.2.2 |
| Компьютердің логикалық элементтері | 10.2.2.3 |
| Компьютердің логикалық негіздері | 10.2.2.4, 10.1.1.1 |
| Мәтіндік ақпаратты кодтау принциптері | 10.2.3.1 |