Индивидуальный рабочий лист
Қазақстан тарихы · 5-сынып
Педагог: ____________________
Мектеп: ____________________
Тақырып: Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер
Оқу мақсаты: 5.2.1.1 / 5.2.2.1
Оқушының аты-жөні: Күні:
Нұсқаулық: Барлық тапсырмаларды мұқият орында. Әр тапсырманың жанында бағасы (ұпайы) көрсетілген. Жауаптарыңды бөлінген орынға жаз. Қажет болса, сызба немесе сурет сал. Саған сәттілік тілеймін!
1-тапсырма. Сәйкестендір 2 ұпай
Сол жақтағы ежелгі адамдардың наным-сенімдерін оң жақтағы сипаттамалармен сәйкестендір. Әріптерді жақшаға жаз.
| Наным-сенім | Сипаттама | Жауабың |
|---|---|---|
| 1. Тотемизм | А. Табиғат құбылыстарын (күн, жел, жаңбыр) құдай санау | 1 – ( ___ ) |
| 2. Анимизм | Ә. Жануарлар мен өсімдіктерді киелі санап, олардан шыққанға сену | 2 – ( ___ ) |
| 3. Фетишизм | Б. Тас, ағаш, сүйек сияқты заттардың ерекше күшіне сену | 3 – ( ___ ) |
| 4. Натурализм | В. Әрбір заттың өз иесі (рухы) бар деп сену | 4 – ( ___ ) |