Тест: Қазақстандағы киелі орындар
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 9
Оқу мақсаттары: 9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу;
9.3.6.1 мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Мәтінде Қазақстандағы киелі орындардың қандай түрлері аталған?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Тек табиғат ландшафты мен кесенелер
B) Табиғат ландшафты, мәдени мұра ескерткіштері, кесенелер, жерасты қалалары, тарихи және саяси маңызды орындар
C) Тек мәдени мұра ескерткіштері мен қорымдар
D) Таулар мен өзендер, кесенелер
2-сұрақ
2003 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мұра» тізіміне енгізілген нысан қайсы?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Арыстан бап кесенесі
B) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
C) Бекет ата кешені
D) Отырар ескерткіші
3-сұрақ
Мәтіндегі «Қазақтар Түркістан қаласын не деп атайды?» деген сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Киелі шаһар
B) Екінші Мекке
C) Түркістан астанасы
D) Ұлы дала бесігі