Тест: Менің қаладағы болашақ пәтерім
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 6
Оқу мақсаттары: 6. 2. 4. 1 шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау;
6. 4. 5. 1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Әлібек өз хатында болашақ пәтерін қай жерде орналастырғысы келеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қаланың шетіндегі жеке үйде
B) Аспанмен таласқан зәулім үйдің жоғары қабатында
C) Тау бөктеріндегі жайлы коттеджде
D) Орталық саябаққа жақын жердегі төменгі қабатта
2-сұрақ
Әлібектің пәтерінің интерьері қандай үлгіде жасалуы тиіс?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Еуропалық заманауи стильде
B) Минимализм үлгісінде
C) Ұлттық үлгіде
D) Классикалық антикалық стильде
3-сұрақ
Әлібек өз пәтерінің қай бөлмесінде аквариум болғанын қалайды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жатынбөлмеде
B) Асүйде
C) Пәтердің көрнекті жерінде
D) Дәлізде