Тест: М.Әуезов «Абай жолы» Қайтқанда» тарауынан үзінді
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 6
Оқу мақсаттары: 6. 1. 5. 1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6. 4. 1. 1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
М. Әуезовтің «Қайтқанда» үзіндісінде Абай ауылға келгенде алдымен кімге сәлем береді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Әкесі Құнанбайға
B) Анасы Ұлжанға
C) Әжесі Зереге
D) Жеңгелеріне
2-сұрақ
Үзіндідегі тірек сөздердің қайсысы отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Сәлем берді
B) Асықты
C) Түсті
D) Жаттады
3-сұрақ
Мәтіндегі «Шүкір, әке» деген сөздер Абайдың қандай қасиетін көрсетеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Әдептілік пен сабырлылық
B) Ашуланшақтық
C) Тәкаппарлық
D) Қорқақтық