Тест: «Қара алтыны халқымның...»
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;
11.2.1.1 ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау;
11.5.1.1 ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Қара алтын» тіркесіндегі «қара» сөзінің мағынасы қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Зат есім (жер, топырақ)
B) Сын есім (қара түсті)
C) Етістік (қарау, бақылау)
D) Үстеу (көп, мол)
2-сұрақ
Мұнай саласындағы «бұрғылау» терминінің мағынасы қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мұнайды тасымалдау
B) Мұнайды өңдеу
C) Ұңғыма жасау үшін жерді тесу
D) Мұнайды сақтау
3-сұрақ
«Мұнай-газ» сөзінің жасалу жолы қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бірігу
B) Тіркесу
C) Қосарлану
D) Қысқару