Тест: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.4.6.1 мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
11.5.1.2 сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану.
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Біздің сынып достық пен ынтымақтың үлгісі біз бір-бірімізді қолдаймыз күрделі жағдайда көмектесеміз бірлігіміздің арқасында кез келген қиындықты жеңеміз.» деген сөйлемде қанша тыныс белгісі жетіспейді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
2-сұрақ
«Ынтымақты» сөзінің синонимдік қатарында қай сөз жоқ?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) біріккен
B) тату
C) ауызбіршілікті
D) жалғыз
3-сұрақ
«Мықты» сын есімінің синонимі қайсы?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) әлсіз
B) берік
C) жұмсақ
D) көне