Тест: Нейрондық желілерді жобалау БЖБ 1
Пән: Информатика
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.1.2.4 қатенің тура және кері таралу (backpropagation) принциптерін тұжырымдамалық деңгейде түсіндіру
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Тура таралу (forward pass) кезінде нейрондық желідегі ақпарат қандай ретпен өтеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Кірістен шығысқа қарай
B) Шығыстан кіріске қарай
C) Кездейсоқ ретпен
D) Тек жасырын қабаттар арасында
2-сұрақ
Backpropagation алгоритмінің негізгі мақсаты қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қатені азайту үшін салмақтарды жаңарту
B) Желіге жаңа нейрондар қосу
C) Кіріс деректерін өзгерту
D) Шығыс нейрондарын жою
3-сұрақ
Қатенің кері таралуы кезінде салмақтың өзгеруін есептеу үшін қандай формула қолданылады? (η — оқу жылдамдығы)
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) ∆w = η * (қате) * (кіріс)
B) ∆w = η + (қате) * (кіріс)
C) ∆w = (қате) / (кіріс) * η
D) ∆w = η * (қате) - (кіріс)