Тест: Графтар теориясы
Пән: Информатика
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.2.1.1 графтар теориясының негізгі ұғымдарын (граф, төбе, қабырға, жол, доға, төбелер дәрежесі) түсіндіру;
11.2.1.2 графтардың түрлерін (бағытталған, бағытталмаған, салмағы бар, салмақсыз, байланысқан, байланыспаған) ажырату
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Графтың негізгі элементтері қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Төбелер мен қабырғалар
B) Төбелер мен доғалар
C) Қабырғалар мен жолдар
D) Төбелер мен жиындар
2-сұрақ
Бағытталған графтағы қабырға қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Доға
B) Қабырға
C) Жол
D) Төбе
3-сұрақ
Төбенің дәрежесі дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Төбеге түсетін қабырғалар саны
B) Төбеден шығатын қабырғалар саны
C) Графтағы барлық төбелер саны
D) Графтағы барлық қабырғалар саны