Тест: Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе».
Пән: Химия
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.2.3.4 -заттар массасының сақталу заңын білу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Зат массасының сақталу заңының тұжырымы қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады
B) Реакция кезінде заттардың массасы жойылады
C) Реакция нәтижесінде заттардың массасы артады
D) Реакция кезінде масса тек газ тәрізді заттар үшін сақталады
2-сұрақ
Зат массасының сақталу заңын кім ашты?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) М.В. Ломоносов
B) Д.И. Менделеев
C) А. Лавуазье
D) Дж. Дальтон
3-сұрақ
№1 көрсетілімде зат массасының сақталу заңын дәлелдеу үшін қандай тәжірибе жүргізіледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Барий хлориді мен натрий сульфаты ерітінділерінің реакциясы
B) Темір мен күкірттің қосылу реакциясы
C) Суды электролиздеу
D) Магнийдің жану реакциясы