Тест: Жылыжай эффектісі
Пән: Химия
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
8.3.1.3 -экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
8.3.1.4 –әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсіну
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 15 мин
1-сұрақ
Жылыжай эффектісінің негізгі себебі қандай газдардың атмосферадағы мөлшерінің артуымен байланысты?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Озон (O₃) және хлор (Cl₂)
B) Оттегі (O₂) және азот (N₂)
C) Көмірқышқыл газы (CO₂) және метан (CH₄)
D) Сутегі (H₂) және гелий (He)
2-сұрақ
Жылыжай эффектісін азайту үшін қандай шаралар тиімді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қалпына келетін энергия көздеріне көшу
B) Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды көп қолдану
C) Ормандарды кесу көлемін ұлғайту
D) Қазба отындарын көбірек жағу
3-сұрақ
Келесі реакциялардың қайсысы экзотермиялық болып табылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Фотосинтез: 6CO₂ + 6H₂O → C₆H₁₂O₆ + 6O₂
B) Метанның жануы: CH₄ + 2O₂ → CO₂ + 2H₂O
C) Мұздың еруі: H₂O(қ) → H₂O(с)
D) Ас тұзының суда еруі: NaCl → Na⁺ + Cl⁻