Тест: Күш түрлеріне есептер: ауырлық, салмақ, үйкеліс, реакция, тартылыс, тең әсерлі, Архимед, серпінділік.
Пән: Физика
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: – ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
-үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
– салмақсыздық күйді түсіндіру
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Ауырлық күшінің формуласы қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) F=mg
B) F=-kx
C) F=μN
D) F=ρgV
2-сұрақ
Үдеумен жоғары қозғалған лифт ішіндегі дененің салмағы қалай өзгереді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Артады
B) Кемиді
C) Өзгермейді
D) Нөлге тең болады
3-сұрақ
Салмақсыздық күй қандай жағдайда байқалады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Дене тек ауырлық күшінің әсерімен еркін құлағанда
B) Дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалғанда
C) Дене тыныштық күйде тұрғанда
D) Дене горизонталь бетте сырғанағанда