Тест: Линза. Линзадан кескін алу. Жұқа линзаның формуласы
Пән: Физика
Сынып: 11
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 15 мин
1-сұрақ
Жұқа линза дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Екі сфералық беті бар, сыну көрсеткіші ортаның сыну көрсеткішінен үлкен мөлдір дене.
B) Тек бір жағы қисық, мөлдір емес пластина.
C) Толық ішкі шағылысу құбылысын тудыратын құрылғы.
2-сұрақ
Қай линза жинақтаушы линза болып табылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Шеті ортасынан жұқа линза.
B) Шеті ортасынан жуан линза.
C) Екі беті тең дөңес емес линза.
3-сұрақ
Жинақтаушы линзаның негізгі фокустық қашықтығы қандай шама?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Оң шама.
B) Теріс шама.
C) Әрқашан нөлге тең.