ТЕКСЕРІЛДІ _____________
____________________
9-11 сыныптарға арналған сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары
| Мұғалімнің аты-жөні | ____________________ |
| Күні | _____________ |
| Сынып | 9-11 сыныптар. Қатысқандар: _____ Қатыспағандар: _____ |
| Сынып сағатының тақырыбы | Цифрлық әлем қауіпсіздік жауапкершіліктен басталады |
| Сынып сағатының мақсаттары |
|
| Аптаның дәйексөзі | Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас |
| Тәрбиелік құндылықтар | Тәуелсіздік және патриотизм |
Сынып сағатының барысы
| Сабақ кезеңі / Уақыт | Педагогтің іс-әрекеті (толық нұсқаулықтар) | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау түрлері | Ресурстар |
| Басталуы (5-7 мин) |
Педагог оқушылармен амандасып, бүгінгі тақырыптың маңыздылығына назар аударады. – Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы – «Цифрлық әлем қауіпсіздік жауапкершіліктен басталады». Алдымен, сендерге бір сұрақ қойғым келеді: «Цифрлық әлем дегеніміз не? Ол біздің өмірімізге қалай әсер етеді?» Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қысқаша түйіндейді. – Дұрыс айтасыңдар. Цифрлық әлем – біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Бірақ оның өз қауіптері де бар. Бүгін біз осы қауіптерден қалай сақтану керектігін және әрбір әрекетіміз үшін жауапкершілік арқалайтынымызды талқылаймыз. Педагог апта дәйексөзін тақтаға іледі немесе слайдта көрсетеді. – Біздің аптамыздың дәйексөзі: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас». Бұл сөз бізге не үшін керек деп ойлайсыңдар? Оның цифрлық әлемге қандай қатысы бар? Оқушылардың ойларын тыңдап, дәйексөздің патриоттық мәнін ашады. |
– Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын ортаға салады. – Дәйексөздің мағынасын түсінуге тырысады, өз пікірлерін білдіреді. |
Ауызша мадақтау, «Бас бармақ» әдісі. | Тақта, маркерлер, дәйексөз жазылған плакат, проектор (слайд). |
| Тіркелгеннен кейін ашылады: Негізгі бөлім (25-30 мин) · Бекіту (5-7 мин) · Рефлексия (3-5 мин) | ||||