Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 11.1.1.1 кәсіпкер (стартапер) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсінеді
- 11.1.1.2 оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолданады
- 11.1.2.1 команда мүшелері арасындағы рөлдерді анықтайды
- 11.1.2.2 оқу-ойын жағдайында командаға қажетті адамдарды тарту үшін шешендік өнер дағдыларын қолданады
- 11.1.3.1 бизнес-модель түсінігін суреттейді
- 11.1.3.2 Канва бизнес моделінің және бизнес-жоспардың құрылымын түсінеді
- 11.1.3.3 оқу-ойын жағдайында өз стартап идеялары үшін маңызды құндылықтарды қалыптастыру дағдыларын қолданады
- 11.1.4.1 стартап жоба үшін маркетингтің мәнін түсінеді
- 11.1.4.2 тұтынушылар сегменттерін мен олардың қажеттіліктерін, нарық сыйымдылығын талдайды
- 11.1.4.3 өміршеңдігі ең төмен өнімнің (MVP) қағидаларын түсінеді
- 11.1.4.4 өз стартапында ең аз мөлшерде өнімді сату туралы шешім қабылдайды
- 11.1.5.1 тұтынушыға құндылық "Қалай" (қандай арналар нәтижесінде) жеткізіледі? - деген сұраққа жауап береді
- 11.1.5.2 қандай да бір коммуникация арналарын таңдау қандай пайда әкелетінін түсіндіреді
- 11.1.6.1 "тұтынушылық және сатып алушылық бейілділік" түсінігін ажыратады
- 11.1.6.2 коммуникация каналдары арқылы тұтынушылармен өзара қатынас стратегиясын құрады
- 11.1.7.1 AB-тест, пайда түсімі арналарының мәнін түсінеді
- 11.1.7.2 кіріс құрылымын талдайды
- 11.1.7.3 оқу-ойын жағдайында AB-тестіні талдау мақсатында қолданады
- 11.2.1.1 стартаптарда ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді
- 11.2.1.2 адами, қаржылық, материалдық, интеллектуалды, бизнес ресурстарды ажыратады
- 11.2.2.1 стартап үшін аутсорс пен серіктестіктің мәні мен мағынасын түсінеді
- 11.2.2.2 серіктестіктің қағидаларын сипаттайды
- 11.2.2.3 өз жобасы үшін серіктестер тізімін құру үшін дағдыларын қолданады
- 11.2.3.1 операциялық қызметтің мәнін түсінеді
- 11.2.3.2 өз стартапында операциялық қызметті анықтау үшін дағдыны қолданады
- 11.2.4.1 салық және оның мемлекет үшін маңызын сипаттайды
- 11.2.4.2 салық режимдерінің ерекшеліктерін ажырата біледі
- 11.2.5.1 шығын құрылымын түсінеді
- 11.2.5.2 Стартап жобасында шығыс пен кіріс құрылымын талдайды
- 11.2.6.1 стартап жобаның инвестициялық тартымдылығын түсінеді
- 11.2.6.2 инвесторлардың назарын аудару үшін шешендік өнер (питчинг) дағдыларын қолданады
- 11.3.1.1 актив және пассив, бюджеттің мәнін түсінеді
- 11.3.1.2 кірістер мен шығындарды ажырата біледі
- 11.3.2.1 ҚР екі деңгейлі банктік жүйені ажыратады
- 11.3.2.2 депозиттер мен кредиттің мәнін түсінеді
- 11.3.2.3 кредиттік және депозиттік мөлшерлемеге әсер етуші факторы ретіндегі инфляция түсінігін түсінеді
- 11.3.2.4 депозиттік және кредиттік пайызды есептеуде дағдыларды қолданады
- 11.3.3.1 әлемдік ақша бірліктерінің жүйесін сипаттайды
- 11.3.3.2 қолма қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ажыратады
- 11.3.4.1 қор нарығының жұмыс механизмін біледі
- 11.3.4.2 қор нарығына экономикалық циклдардың әсерін біледі
- 11.3.4.3 құнды қағаз түрлерінің айырмашылығын анықтайды
- 11.3.5.1 жеке бюджетті басқарудың негізін түсінеді
- 11.3.5.2 жеке бюджетті басқару құралдарын қолданады
- 11.3.6.1 өзін-өзі алға жылжыту мәні мен оның құрамын және жеке брендингті түсінеді
- 11.3.6.2 құзыреттілік пен біліктіліктің айырмашылығын анықтайды
- 11.3.7.1 өз түйіндемесін құру дағдыларын қолданады
- 11.3.7.2 оқу-ойын жағдайында жұмысқа орналасуда өзін өзі дамыту дағдыларын қолданады
- 11.3.8.1 адамдармен сенімді және ұзақ мерзімді қатынастың маңызы және өзара көмектесу қажеттігін түсінеді
- 11.3.8.2 өз мәселесін шешу үшін екі жақты іс-әрекеттің кәсіби потенциалын пайдалану мүмкіндігін өз көзқарасымен суреттейді
- 11.3.9.1 кәсіпкер үшін келіссөздердің маңызын түсінеді
- 11.3.9.2 оқу-ойын жағдайы шеңберінде оқушылардың өзара қатынасындағы келіссөз дағдыларын қолданады
- 11.3.10.1 эмоционалды интеллект мәні мен мағынасын түсінеді
- 11.3.10.2 эмоционалды интеллектіні басқарудың көмегімен өз мақсаттарына жету мүмкіндіктерін зерттейді
- 11.3.11.1 тайм-менеджментінің мәні мен мағынасын түсінеді
- 11.3.11.2 өз тиімділігін арттыру мақсатында уақытты басқару дағдыларын қолданады
- 11.4.1.1 бизнестің ауқымын кеңейту және оның мәнін түсінеді
- 11.4.1.2 нарық дамуының болжамын талдайды
- 11.4.2.1 дамудың базалық стратегияларының мәнін түсінеді
- 11.4.2.2 экономикалық өсу, ЖҰӨ, ЖІӨ мәнін түсінеді
- 11.4.2.3 бизнес дамуының қарқынды және экстенсивті тәсілдерін танып біледі
- 11.4.3.1 сапаны басқару құрамын және оның мәнін түсінеді
- 11.4.3.2 Кайдзен қағидасын суреттейді
- 11.4.4.1 халықаралық бизнестің мәні мен мағынасын түсінеді
- 11.4.4.2 ойындық түрде халықаралық нарыққа Қазақстан өнімдерін шығарудың стратегиясын құруда өзіндік көзқарасты қалыптастыру үшін халықаралық бизнестің аясынан факторларды синтездейді
- 11.4.5.1 тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған, мемлекет пен қоғамдық қозғалыс іске асырып отырған шаралар жиынтығымен танысады
- 11.4.5.2 тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдарын ажырата біледі
- 11.4.5.3 оқу-ойын жағдайында тұтынушылардың құқығын қорғау дағдыларын қолданады
- 11.4.6.1 кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған, мемлекет пен қоғамдық қозғалыс іске асырып отырған шаралар кешенімен танысады
- 11.4.6.2 кәсіпкерлердің құқығын қорғау ұйымдарын ажырата біледі
- 11.4.6.3 кәсіпкерлік пен бизнес қолдау институттарын сипаттайды
- 11.4.6.4 ШОБ-ты мемлекеттік қолдау түрлерін түсінеді
- 11.4.6.5 оқу-ойын жағдайында кәсіпкерлердің құқығын қорғау дағдыларын қолданады
- 11.4.7.1 кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық жауапкершілік түрлерін танып біледі
- 11.4.8.1 мақсатты қоя білудің мәнін түсінеді
- 11.4.8.2 мақсатты тиімді қою үшін мақсатты болжау құралын қолданады
- 11.4.9.1 дұрыс мақсат қою арқылы жеке мансап стратегиясын құрады
- 11.4.9.2 жеке өмір стратегиясын қорғау кезінде шешендік өнер дағдыларын қолданады
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1.1 Питчинг
1.2 Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі
1.3 Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы
1.4 Стартап-жобалардағы маркетинг
1.5 Стартап-жобалардағы коммуникация арналары
1.6 Тұтынушылық және сатып алушылық бейілділік
1.7 Стартаптардағы пайда арналары
2-тоқсан
2.1 Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару
2.2 Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік
2.3 Бизнестегі маңызды қызмет
2.4 Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар
2.5 Шығындар құрылымы
2.6 Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау – бизнес-жобалардың питчингі
3‑тоқсан. Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3‑тоқсан. Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы |
3.1 Жеке адамның активтері мен пассивтері
3.2 Жинақтаулар, кредиттер және депозиттер
3.3 Дүниежүзілік ақша бірліктері, электронды ақшалар
3.4 Қор нарығы
3.5 Жеке бюджетті басқару
3.6 Өзін-өзі алға жылжыту
3.7 Түйіндеме және түйіндеме құру тәжірибесі
3.8 Нетворкинг (кәсіби жүйелер)
3.9 Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы – келіссөздер мен келіссөздер жүргізу тәжірибелері
3.10 Эмоционалдық интеллект
3.11 Тайм менеджмент
4-тоқсан
4.1 Бизнес ауқымын кеңейту – нарық дамуын болжау
4.2 Бизнес дамуының тәсілдері мен түрлері
4.3 Сапаны басқару
4.4 Халықаралық бизнес
4.5 Тұтынушының құқығын қорғау
4.6 Кәсіпкердің құқығын қорғау, бизнес қолдау институттары
4.7 Кәсіпкерлердің жауапкершілігі (экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық)
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Кәсіпкердің экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық жауапкершілігі | 11.4.7.1 |
4.8 Мақсаттарды қоя білу
4.9 Өзіндік өмір стратегиясы
Басқа сыныптар
- Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, 10-сынып
- Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, 11-сынып