Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 10.1.1.1 "жеке кәсіпкер", "бизнесмен", "қажеттілік", "игілік" түсініктерін түсінеді
  • 10.1.1.2 кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсінеді
  • 10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі
  • 10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді
  • 10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді
  • 10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады
  • 10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды
  • 10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады
  • 10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі
  • 10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді
  • 10.1.5.1 сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсінеді
  • 10.1.5.2 сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі
  • 10.1.6.2 негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді
  • 10.2.1.1 экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлікті талдайды
  • 10.2.1.2 заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторларын біледі
  • 10.2.2.1 кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі
  • 10.2.2.2 мемлекет экономикасындағы, соның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді
  • 10.2.2.3 кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі
  • 10.2.3.1 стартап түсінігін суреттейді
  • 10.2.3.2 стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің айырмашылығын біледі
  • 10.2.4.1 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін түсінеді
  • 10.2.4.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің заманауи тенденцияларын танып біледі
  • 10.2.4.3 кәсіпкерліктің трендтерінің болашақ кезеңдеріндегі болжамын талдайды
  • 10.2.5.1 баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік мысалдарын сипаттайды
  • 10.2.5.2 бәсекелестік стратегиясы мен бәсекелестер түрлерін сипаттайды
  • 10.2.5.3 баға бойынша және бағалық емес бәсекені қолданудың тиімділігін бағалауды жасайды
  • 10.2.6.1 экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді
  • 10.2.6.2 бағаны қалыптастырудың құрылымын сипаттайды
  • 10.2.6.3 баға саясатының мәнін түсінеді
  • 10.2.6.4 баға стратегияларын ажыратады
  • 10.3.1.1 маркетинг және оның қызметін түсіндіреді
  • 10.3.1.2 өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажыратады
  • 10.3.2.1 4P, 4C, маркетинг-микс құрамын түсінеді
  • 10.3.2.2 4P, 4C, қолдану форматын ажыратады
  • 10.3.3.1 кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі
  • 10.3.3.2 кабинеттік және далалық зерттеу әдістемесін қолданады
  • 10.3.4.1 SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну
  • 10.3.4.2 зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады
  • 10.3.5.1 тұтынушыны сегменттеудің мәні мен қағидаларын түсінеді
  • 10.3.5.2 белгілі бір мақсатты аудиториялардың қажеттіліктерін анықтайды
  • 10.3.6.1 брендтің негізгі құраушыларын біледі
  • 10.3.6.2 брендінің сипаттамалық және шығармашылық жағын ажыратады
  • 10.3.6.3 брендінің платформасын сипаттау үшін дағдыларды қолданады
  • 10.3.7.1 ATL, BTL маркетингілік коммуникациялар кешенін ажыратады
  • 10.3.7.2 ATL, BTL арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады
  • 10.3.8.1 сандық маркетингтің мәнін түсінеді
  • 10.3.8.2 сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады
  • 10.4.1.1 ойлау дизайнының мәнін түсінеді
  • 10.4.1.2 ойлау-дизайны қай жерде қолдануға болатынын түсінеді
  • 10.4.1.3 ойлау-дизайны тәсілдерін бизнес-идеяларды іздестіру мен бизнес-үрдістерді ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылықтарын салыстыру
  • 10.4.2.1 жобаға тікелей немесе жанама әсер ететін тұтынушылар тобын анықтай біледі
  • 10.4.2.2 эмпатия қағидаларын түсінеді және тәжірибеде қолдана біледі
  • 10.4.2.3 сұхбат жасай білу және ондағы сұрақтар кезектілігін дұрыс ұйымдастыра алады
  • 10.4.3.1 мәселені дұрыс айқындап және сипаттай біледі
  • 10.4.3.2 сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды
  • 10.4.3.3 ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады
  • 10.4.3.4 сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтайды
  • 10.4.4.1 брейнсторминг қағидалары мен қажеттілігін түсінеді
  • 10.4.4.2 брейнстормингті жүргізу ережелері мен оларды сақтап, орындай алуды біледі
  • 10.4.4.3 брейнсторминг кезеңдерін білу және кезеңдерін сақтап, айтылған идеяларды жүйелеу және солардың ішінен ең жақсысын таңдайды
  • 10.4.5.1 прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіреді
  • 10.4.5.2 прототип жасаудың негізгі әдістерін біледі және қолдана алуды үйренеді
  • 10.4.6.1 адамға бағытталған дизайн үшін тестілеудің маңызын түсінеді
  • 10.4.6.2 шешім қабылдау кезінде кері байланыстың маңызын және эмпатияны тереңірек дамыту мүмкіндігін түсінеді
  • 10.4.6.3 тәжірибеде алынған идеяларды қолдану мүмкіндігін бағалайды
  • 10.4.7.1 жасалынған жұмыс үрдісін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді
  • 10.4.7.2 ойлау-дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді тадау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алатындығын дәлелдеу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

3-тоқсан

3.1 Маркетингіге кіріспе

Тақырып Оқу мақсаттары
Маркетинг тарихы. Заманауи маркетинг 10.3.1.1, 10.3.1.2

3.2 Маркетинг-микс

Тақырып Оқу мақсаттары
Маркетинг-микс 10.3.2.1, 10.3.2.2

3.3 Кабинеттік және далалық зерттеулер

Тақырып Оқу мақсаттары
Кабинеттік және далалық зерттеулер 10.3.3.1, 10.3.3.2

3.4 SWOT- талдау

Тақырып Оқу мақсаттары
Компанияның дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар кешені 10.3.4.1, 10.3.4.2

3.5 Мақсатты аудитория, сегменттеу

Тақырып Оқу мақсаттары
Тұтынушыларды сегменттеу. Мақсатты аудитория. Клиенттің бейнесін қалыптастыру 10.3.5.1, 10.3.5.2

3.6 Бренд

Тақырып Оқу мақсаттары
Бренд және оны құраушылары 10.3.6.1, 10.3.6.2, 10.3.6.3

3.7 Маркетингілік коммуникациялар

Тақырып Оқу мақсаттары
Жарнама, PR. Дәстүрлі (классикалық) жарнама түрлері және мақсатты аудиторияға тікелей әсер ету 10.3.7.1, 10.3.7.2

3.8 Онлайн маркетингілік коммуникациялар

Тақырып Оқу мақсаттары
Сандық маркетингтің заманауи құралдары. Сайт сандық маркетинг құралы ретінде Әлеуметтік медиада танымал болу 10.3.8.1, 10.3.8.2

4-тоқсан

4.1 Ойлау дизайнына кіріспе

Тақырып Оқу мақсаттары
Адамға бағытталған өнімдерді құру әдісі 10.4.1.1, 10.4.1.2, 10.4.1.3

4.2 Эмпатия

Тақырып Оқу мақсаттары
Мәселелік жайттарға тереңірек ену және пайдаланушылар тәжірибесі 10.4.2.1, 10.4.2.2, 10.4.2.3

4.3 Талдау және синтез

Тақырып Оқу мақсаттары
Нақты, маңызды және іске асырылатын міндеттерді құрастыру 10.4.3.1, 10.4.3.2, 10.4.3.3, 10.4.3.4

4.4 Идея ойлап табу

Тақырып Оқу мақсаттары
Идеяны ойлап табу және шешім қабылдау 10.4.4.1, 10.4.4.2, 10.4.4.3

4.5 Прототип жасау

Тақырып Оқу мақсаттары
Табылған шешімдерді тестілеу үшін модель құру 10.4.5.1, 10.4.5.2

4.6 Тестілеу

Тақырып Оқу мақсаттары
Кері байланысты алу және ең тиімді шешімді іздеу 10.4.6.1, 10.4.6.2, 10.4.6.3

4.7 Сторителлинг

Тақырып Оқу мақсаттары
Жасалынған материалдың презентациясы 10.4.7.1, 10.4.7.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.