Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Бейнелеу өнері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Бейнелеу сауаттылығы негіздері

  • 4.1.1.1 қазақ ұлттық және әлемдік мәдениетінің, өнер, қолөнер, дизайн туындыларын зерделеудегі ерекшеліктерді анықтау және түсіндіру
  • 4.1.2.1 күрделі тәсілдер мен техникаларды сенімді қолдана отырып, өздігінен таңдалған графикалық материалдар мен құралдарды пайдалану
  • 4.1.2.2 шығармашылық жұмыста графиканың күрделі тәсілдері мен техникаларын қолдану
  • 4.1.3.1 күрделі тәсілдер мен техниканы сенімді түрде қолдана отырып, өздігінен таңдалған кескіндеме материалдары мен құралдарын қолдану
  • 4.1.3.2 кескіндеменің күрделі тәсілдері мен техникасын шығармашылық жұмыста сенімді түрде қолдана отырып, қолдану
  • 4.1.4.1 күрделі тәсілдер мен техниканы сенімді түрде қолдана отырып, өздігінен таңдалған мүсіндеу материалдары мен құралдарын қолдану
  • 4.1.5.1 күрделі тәсілдер мен техниканы сенімді түрде қолдана отырып, өздігінен таңдалған сәндік-қолданбалы өнер материалдары мен құралдарын қолдану
  • 4.1.6.1 күрделі құрылымдық техникалар мен тәсілдерді сенімді түрде қолдана отырып, өздігінен таңдалған іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану 4. 1. 6. 2 модельдеудің күрделі техникалары мен тәсілдерін сенімді түрде қолдана отырып, өздігінен таңдалған іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану
  • 4.1.6.2 Модельдеудің күрделі техникалары мен тәсілдерін сенімді түрде қолдана отырып, өздігінен таңдалған іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану

2-бөлім. Бейнелеу өнері әлемі

2.1 Өнер туындыларын қабылдау

  • 4.2.1.1 қолданылған көркемдік мәнерлілік құралдары мен жұмыстарды орындау техникасын салыстыру және түсініктеме беру

2.2 Графика

  • 4.2.2.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және графикалық жұмысты орындау техникасын білу және түсіндіру

2.3 Кескіндеме

  • 4.2.3.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және кескіндемелік жұмысты орындау техникасын білу және түсіндіру

2.4 Мүсін

  • 4.2.4.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және жұмысты орындауда мүсіндеу техникасын білу және түсіндіру

2.5 Сәндік-қолданбалы өнер

  • 4.2.5.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және жұмысты орындауда сәндік-қолданбалы өнер техникасын білу және түсіндіру
  • 4.2.5.2 Сәндік-қолданбалы өнердегі "табиғи пішін" ұғымын және жұмысты орындау техникасын білу және түсініктеме беру

2.6 Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

  • 4.2.6.1 дизайнның және жұмысты орындау техникасының көркемдік мәнерлілігінде қолданылатын құралдарын білу және түсіндіру
  • 4.2.6.2 сәулеттің және жұмысты орындау техникасының көркемдік мәнерлілігінде қолданылатын құралдарын білу және түсіндіру

3-бөлім. Бізді қоршаған әлем

3.2 Графика

  • 4.3.2.1 Графикалық құралдар арқылы таныс бейнелер мен мүсіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын байланыстыру, түсіну, түсіндіру және білдіру
  • 4.3.2.2 "Бақылау арқылы сурет салу" және "Есте сақтау арқылы сурет салу" ұғымдарын, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен өзара байланыстарын білу, түсіну, түсіндіру және графика құралдары арқылы білдіру

3.3 Кескіндеме

  • 4.3.3.1 кескіндеме құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен байланыстарын түсіну, түсіндіру және білдіру
  • 4.3.3.2 "Бақылау арқылы сурет салу" және "есте сақтау арқылы сурет салу" ұғымдарын, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен қатынастарын білу, түсіну, түсіндіру және кескіндеме құралдары арқылы білдіру

3.4 Мүсін

  • 4.3.4.1 Мүсін құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен байланыстарын түсіндіру және сипаттау

3.5 Сәндік-қолданбалы өнер

  • 4.3.5.1 сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен байланыстарын түсіну, түсіндіру және білдіру
  • 4.3.5.2 "Стильдеу" және "жалпылау" ұғымдарын түсіну, түсіндіру және оларды сәндік-қолданбалы өнер құралдары, қоршаған әлемнің неғұрлым күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары мен өзара байланысы арқылы білдіру

3.6 Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

  • 4.3.6.1 дизайн және сәулет құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтары мен байланыстарын түсіну, түсіндіру және білдіру
  • 4.3.6.2 дизайн және сәулет құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді, қоршаған әлемнің күрделі бейнелері мен пішіндерінің ерекшеліктерін, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарының себептерін түсіну, түсіндіру және білдіру

4-бөлім. Шығармашылық

4.2 Графика

  • 4.4.2.1 графикалық тәсілдер мен техникаларды біріктіру арқылы идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру
  • 4.4.2.2 графикалық жұмысты түпкі ойға байланыстыра таныстырудың түрлі мүмкіндіктерін білу, түсіну, түсіндіру

4.3 Кескіндеме

  • 4.4.3.1 кескіндеме техникасы мен әдістерін біріктіру арқылы идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру
  • 4.4.3.2 кескіндемелік жұмысты түпкі ойға байланыстыра таныстырудың түрлі мүмкіндіктерін білу, түсіну, түсіндіру

4.4 Мүсін

  • 4.4.4.1 мүсіндік техникасы мен әдістерін біріктіру арқылы идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру

4.5 Сәндік-қолданбалы өнер

  • 4.4.5.1 сәндік-қолданбалы өнер техникасы мен әдістерін біріктіру арқылы идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру

4.6 Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

  • 4.4.6.1 дизайн идеяларын шығармашылықпен ұсыну және таныстыру, сәндік техникалар мен құрылымдау мен модельдеу тәсілдерін біріктіру арқылы сезімдерді білдіру
  • 4.4.6.2 сәулет идеяларын шығармашылықпен ұсыну және таныстыру, сәндік техникалар мен құрылымдау мен модельдеу тәсілдерін біріктіру арқылы сезімдерді білдіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Бейнелеу сауаттылығы негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Өнер туындыларын қабылдау 4.1.1.1
2. Графика 4.1.2.1, 4.1.2.2
3. Кескіндеме 4.1.3.1, 4.1.3.2
4. Мүсін 4.1.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 4.1.5.1
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 4.1.6.1, 4.1.6.2

2-тоқсан

Бейнелеу өнер әлемі

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Өнер туындыларын қабылдау 4.2.1.1
2. Графика 4.2.2.1
3. Кескіндеме 4.2.3.1
4. Мүсін 4.2.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 4.2.5.1, 4.2.5.2
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 4.2.6.1, 4.2.6.2

3-тоқсан

Бізді қоршаған әлем

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Графика 4.3.2.1, 4.3.2.2
3.Кескіндеме 4.3.3.1, 4.3.3.2
4. Мүсін 4.3.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 4.3.5.1, 4.3.5.2
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 4.3.6.1, 4.3.6.2

4-тоқсан

Шығармашылық

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Графика 4.4.2.1, 4.4.2.2
3. Кескіндеме 4.4.3.1, 4.4.3.2
4. Мүсін 4.4.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 4.4.5.1
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 4.4.6.1, 4.4.6.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.