Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Бейнелеу өнері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Бейнелеу сауаттылығы негіздері

  • 2.1.1.1 қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениетінің түрлі өнер туындыларымен танысу
  • 2.1.2.1 әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, графикалық материалдар мен құралдарды қолдану
  • 2.1.2.2 шығармашылық жұмыста графиканың әртүрлі тәсілдері мен техникаларын қолдану
  • 2.1.3.1 әр түрлі тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, кескіндеме материалдары мен құралдарын қолдану
  • 2.1.3.2 кескіндеменің әртүрлі тәсілдері мен техникасын шығармашылық жұмыста қолдану
  • 2.1.4.1 әртүрлі тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, мүсіндеу материалдары мен құралдарын қолдану
  • 2.1.5.1 әртүрлі тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, сәндік-қолданбалы өнер материалдары мен құралдарын қолдану
  • 2.1.6.1 әртүрлі құрылымдық техникалар мен тәсілдерді қолдана отырып, іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану
  • 2.1.6.2 модельдеудің әртүрлі техникалары мен тәсілдерін қолдана отырып, іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану

2-бөлім. Бейнелеу өнері әлемі

2.1 Өнер туындыларын қабылдау

  • 2.2.1.1 Өнер туындыларының тақырыптарын және осы жұмыстарды орындау материалдарын талқылау

2.2 Графика

  • 2.2.2.1 графика түрлерінің көркемдік мәнерлілігінің негізгі құралдарын және жұмысты орындау техникасын білу

2.3 Кескіндеме

  • 2.2.3.1 кескіндеме түрлерінің көркемдік мәнерлілігінің негізгі құралдарын және жұмысты орындау техникасын білу

2.4 Мүсін

  • 2.2.4.1 мүсін түрлерінің көркемдік мәнерлілігінің негізгі құралдарын және жұмысты орындау техникасын білу

2.5 Сәндік-қолданбалы өнер

  • 2.2.5.1 сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің көркемдік мәнерлілігінің негізгі құралдарын және жұмысты орындау техникасын білу
  • 2.2.5.2 Сәндік-қолданбалы өнердегі "Табиғи пішіндер" ұғымын және жұмысты орындаудың кейбір әдістерін білу

2.6 Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

  • 2.2.6.1 құрылымдау мен модельдеуде негізгі дизайн түрлері мен техникасын білу
  • 2.2.6.2 құрылымдау мен модельдеуде қарапайым сәулет формалары мен техникасын білу

3-бөлім. Бізді қоршаған әлем

3.2 Графика

  • 2.3.2.1 қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және талдау, графика құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді (сызық, пішін, фактура және т. б.) білдіру
  • 2.3.2.2 "Бақылау арқылы сурет салу" және "Есте сақтау арқылы сурет салу" ұғымдарын білу және талдау, графика құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді (сызық, пішін, фактура және т. б.) білдіру

3.3 Кескіндеме

  • 2.3.3.1 қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және талдау, кескіндеме құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді (түс, дақ, фактура және т.б.) білдіру
  • 2.3.3.2 "Бақылау арқылы сурет салу" және "есте сақтау арқылы сурет салу" ұғымдарын білу және кескіндеме құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді (түс, дақ, текстура және т. б.) білдіру

3.4 Мүсін

  • 2.3.4.1 қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін түсіну, мүсіндеу құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді (көлемі, пішіні, фактура және т. б.) білдіру

3.5 Сәндік-қолданбалы өнер

  • 2.3.5.1 қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және талдау, сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру
  • 2.3.5.2 "Жалпылау" ұғымын және оны бейнелер мен пішіндердің көмегімен сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы білдіру мүмкіндігін білу

3.6 Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

  • 2.3.6.1 қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және сипаттау, дизайн құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру
  • 2.3.6.2 қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және сипаттау, сәулет құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

4-бөлім. Шығармашылық

4.2 Графика

  • 2.4.2.1 графикалық тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру
  • 2.4.2.2 графикалық жұмысты таныстырудың әртүрлі мүмкіндіктерін білу

4.3 Кескіндеме

  • 2.4.3.1 кескіндемелік тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру
  • 2.4.3.2 кескіндемелік жұмысты таныстырудың әртүрлі мүмкіндіктерін білу

4.4 Мүсін

  • 2.4.4.1 мүсіндік тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру

4.5 Сәндік-қолданбалы өнер

  • 2.4.5.1 сәндік-қолданбалы өнер тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдерді білдіру

4.6 Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

  • 2.4.6.1 дизайн идеяларын шығармашылықпен ұсыну, идеялар мен сезімдерді құрылымдау және модельдеу тәсілдері мен техникасы арқылы негізді түрде білдіру
  • 2.4.6.2 сәулет идеяларын шығармашылықпен ұсыну, дизайн мен модельдеудің әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, сезімдерін білдіріп бейнелеу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Бейнелеу сауаттылығы негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Өнер туындыларын қабылдау 2.1.1.1
2. Графика 2.1.2.1, 2.1.2.2
3. Кескіндеме 2.1.3.1, 2.1.3.2
4. Мүсін 2.1.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 2.1.5.1
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 2.1.6.1, 2.1.6.2

2-тоқсан

Бейнелеу өнер әлемі

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Өнер туындыларын қабылдау 2.2.1.1
2. Графика 2.2.2.1
3. Кескіндеме 2.2.3.1
4. Мүсін 2.2.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 2.2.5.1, 2.2.5.2
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 2.2.6.1, 2.2.6.2

3-тоқсан

Бізді қоршаған әлем

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Графика 2.3.2.1, 2.3.2.2
3. Кескіндеме 2.3.3.1, 2.3.3.2
4. Мүсін 2.3.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 2.3.5.1, 2.3.5.2
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 2.3.6.1, 2.3.6.2

4-тоқсан

Шығармашылық

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Графика 2.4.2.1, 2.4.2.2
3. Кескіндеме 2.4.3.1, 2.4.3.2
4. Мүсін 2.4.4.1
5. Сәндік-қолданбалы өнер 2.4.5.1
6. Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу) 2.4.6.1, 2.4.6.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.