Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары
1.1 Ақпаратты визуалдаудағы кескіндердің рөлі
- 11.1.1.1 Растрлық, векторлық графикалық бағдарламалар редакторларының негіздерін білу және оларды қолдану
1.2 Ақпаратты визуалдау құралдары
- 11.1.2.1 2D нысанасын жасау үшін (сызық қалыңдығы мен түсі, тік бұрыш, көпбұрыш, шеңбер, доға, эллипс, сплайн сызықтар, сызықпен түрлеу, өлшемдер қою, координаттық тор) бағдарламалық қамтамасыздандыруды (растрлық немесе векторлық) таңдау
- 11.1.2.2 2D объектiлердi жасау үшiн графикалық редактордың тиiстi аспаптарының мүмкiндiктерін қолдану
- 11.1.2.3 Векторлық және расторлық графикада түстік модельдерін таңдауды талдау
- 11.1.2.4 Векторлық және расторлық графикалардың графикалық операцияларын (ерекшелеу, жою, масштабтау, бұру, қозғалту, айнадағы суреті, ауқымы, қиюды) пайдалана білу
1.3 Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер
- 11.1.3.1 2D обьектілердің графикалық безендіруін орындау үшін графикалық редактордың мүмкіндіктерін пайдалану
1.4 Сызбадағы геометриялық құрылым
- 11.1.4.1 2D объектілерін (геометриялық салулар, түйіндесу) жасау үшін растрлық, векторлық кестенiң түрлерiн таңдау және технологияларын білу
- 11.1.4.2 2D объектiлерін құрастыру барысында клипарттар, кiтапханалар, үлгiлерді пайдалану
- 11.1.4.3 Расторлы және векторлы графикада 2D объектiлерiн (сызба әріптері, сызба сызықтары, геометриялық құрылым, түйіндесулер) жасау үрдісін оңтайландыру және жеделдету, кескіндерді баспада басып шығару технологияларын пайдалана білу және қолдану
2-бөлім. Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
2.2 Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру тәсілдері
- 11.2.2.1 Компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі тәсілдерін пайдалану
- 11.2.2.2 3D моделін жасау үрдісін кезеңдерге бөлу (координаттық тор, геометриялық денелер, сплайндар, әртекті рационалды сплайндар, модельдер, негізінде модельдеу)
- 11.2.2.3 3D модельдерін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) жасау үшiн растрлық, векторлық бағдарламалардың мүмкiндiктерін мен тиісті құралдарын пайдалану
- 11.2.2.4 3D моделін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) жасауда көлемді денелерді модельдеу операцияларын қолдану (қаңқалы беттi жасау, бiрiктiру, қиылыстыру, алу, ұлғайту)
2.3 Заттарды (геометриялық денелерді) оқу және олардың сызбаларын жасау
- 11.2.3.1 3D моделін визуализациялау түрлерін анықтау және таңдау (аксонометриялық проекция, техникалық сурет), жиынтық бірліктер
- 11.2.3.2 Көлемді денелерді (призма, пирамида, цилиндр, конус, сфера, тор) және үстіртін модельдеуді салыстыру (күрделі формаларды) және құрастыру тәсілдерін таңдау
- 11.2.3.3 Визуалдау үдерісінде бұйымның текстурасы мен фактурасын көрсету
2.4 Қималар мен тіліктер
- 11.2.4.1 2D объектiнi (қималар мен тiлiктер) жасау үшiн бағдарламалық қамтамасыз етуді (растрлық немесе векторлық) таңдау
- 11.2.4.2 3D объектіде тiлiктер мен қималардың құрылуы үшiн көлемді денелерді модельдеудің негізгі операцияларын пайдалану
3-бөлім. Кескіндерді түрлендіру
3.1 Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру
- 11.3.1.1 Кескіннің түрі мен құрамын өзгерту (кескінді ауыстыру) арқылы немесе кескіннің масштабын өзгерту арқылы 2D немесе 3D объектілердің сызбаларын графикалық редакторларда орындау
4-бөлім. Форманың қалыптасуы және құрылымдау
4.3 Беттің жазбалары
- 11.4.3.1 Компьютерлік графика құралдары арқылы қисық беттердің және қарапайым геометриялық денелердің жазбасын сызу (призма, пирамида, цилиндр, конус, сфера)
5-бөлім. Форманы түрлендіру
5.1 Зат формасын түрлендіру
- 11.5.1.1 Бөлшектерін жою және басып шығару арқылы 3D моделді түрлендіру
5.2 Кескіндер арқылы заттардың формаларын түрлендіру
- 11.5.2.1 Бөлшектерді ауыстыру арқылы 3D моделін түрлендіру
6-бөлім. Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
6.2 Бөлшектердің қосылыстары. Құрастыру сызбасы
- 11.6.2.1 2D ажырайтын және ажырамайтын қосылыстардың құрастыру сызбасын дайындау (кiтапхананы пайдалану)
- 11.6.2.2 Жиынтық бiрлiгінің 3D-моделін орындау
6.3 Сәулет – құрылыс графикасының элементтері
- 11.6.3.1 Ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып, құрылыс сызбаларын графикалық редакторларда орындау
6.4 Инфографика (сұлбалар, графикалар және диаграммалар)
- 11.6.4.1 Инфографика жөнінде жалпы мағлұматтарды білу
- 11.6.4.2 Инфографика тәсілдері (сұлба, кестелер мен диаграммалар) арқылы зерттеу нәтижесін және ақпаратты визуалдау
7-бөлім. Шығармашылық тапсырмалар
7.1 Жобалық қызметке жалпы даярлықтарын дамытатын жаттығулар
- 11.7.1.1 Компьютерлік графика құралдарын пайдаланып графикалық модельдеу бойынша қолданбалы және шығармашылық тапсырмаларды орындау
7.2 Жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар
- 11.7.2.1 Техника/дизайн/сәулет салалары бойынша жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмаларды түрлі графика құралдарымен (қолмен орындалатын/ компьютерлік графика/макеттеу) орындау
8-бөлім. Жобалау және жобалау графикасы
8.1 Жобалау әдістері
- 11.8.1.1 Әртүрлі саладағы жобалау әдістерімен танысу және кезеңдерін анықтау
- 11.8.1.2 Жобалау нысандарына қойылатын негізгі эстетикалық, функциялық талаптарды анықтау
8.2 Шығармашылық идеяларды визуалдау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Компьютерлік графиканың негізгі түрлері | 11.1.1.1 |
| 2D кескінін құру үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) | 11.1.2.1 |
| 2D кескінін құру | 11.1.2.2, 11.1.2.3, 11.1.2.4 |
| Сызбаны безендіру ережелері (пішім, масштаб, негізгі жазулар) | 11.1.3.1 |
| Примитивтерді (кітапханаларды) қолдана отырып, 2D объектінің кескінін құру | 11.1.4.1, 11.1.4.2 |
| Примитивтерді қолдана отырып, геометриялық құрылымдар орындау | 11.1.4.3, 11.7.1.1 |
2-тоқсан
Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көлемді денелерді және үстіртін моделдеудің негізгі тәсілдері | 11.2.2.1 |
| 3D моделін құрудың негізгі кезеңдері | 11.2.2.2 |
| 3D моделін құрудағы расторлық және векторлық бағдарлама мүмкіндіктері | 11.2.2.3 |
| Көлемді моделдеу операциясының негізіне сүйеніп 3D моделін құру | 11.2.2.4 |
| 3D моделдердің визуалдау түрлерін анықтау | 11.2.3.1 |
| 3D моделдерін тұрғызу тәсілдерін таңдау | 11.2.3.2 |
| 3D моделдерінің текстурасы мен фактурасы | 11.2.3.3 |
3-тоқсан
Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
Кескіндерді түрлендіру
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық жұмыс) | 11.3.1.1 |
Форманың қалыптасуы және құрылымдау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Геометриялық дене (заттардың) бетінің жазбалары | 11.4.3.1 |
Форманы түрлендіру
Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
4-тоқсан
Жобалау және жобалау графикасы
Басқа сыныптар
- Графика және жобалау, 10-сынып
- Графика және жобалау, 11-сынып