Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары
1.1 Ақпаратты визуалдаудағы кескіндердің рөлі
- 10.1.1.1 Адам өмірінде және әртүрлі салада (ғылымда, техникада және өнерде) ақпаратты визуалды түрде берудегі кескіндердің ролінің маңызын білетіндігін және түсінетіндігін көрсету
- 10.1.1.2 Графикалық кескінді орындаудың әртүрлі әдістері мен құралдарын білу
1.2 Ақпаратты визуалдау құралдары
- 10.1.2.1 Негізгі сызба құралдарын білу
- 10.1.2.2 Графикалық жұмыстарды орындау барысында сызба құралдарымен жұмыс жасаудың тәжірбиелік дағдыларын көрсету
1.3 Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер
- 10.1.3.1 Стандарт бойынша сызба орындау мен безендіру ережелерін білу және сақтау
- 10.1.3.2 Сызық түрлерінің классификациясын білу және графикалық жұмыстарды орындауда дұрыс қолдану
- 10.1.3.3 Негізгі жазулар мен өлшемдерді қою, сызба әріптері, сызық түрлері, масштабтар туралы білімдерін көрсете отырып, графикалық кескін орындау
1.4 Сызбадағы геометриялық құрылым
- 10.1.4.1 Сызбада геометриялық құрылымдарды (кесіндіні бөлу, шеңберлерді және бұрыштарды тең бөліктерге бөлу) әртүрлі сызба құралдарымен орындау
- 10.1.4.2 Овал, қисық сызықтар және әртүрлі түйіндесу сызбаларын орындау тәсілдерін көрсету
2-бөлім. Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
2.1 Проекциялау әдістері
- 10.2.1.1 Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну
- 10.2.1.2 Екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбадағы қажетті түрлерінің санын, олардың орналасуын анықтау және білу
2.2 Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру тәсілдері
- 10.2.2.1 Тегіс геометриялық денелер мен көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия)
- 10.2.2.2 Заттың (дененің) берілген көріністері бойынша, құрылымдау ережелерін білетіндігін көрсете отырып, аксонометриялық проекцияны орындау
- 10.2.2.3 Техникалық сурет пен эскиздің ерекшеліктерін білу және анықтау
2.3 Заттарды (геометриялық денелерді) оқу және олардың сызбаларын жасау
- 10.2.3.1 Бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескере отырып, сызбаға өлшемдерді қоюды білу және қолдана алуын көрсету
- 10.2.3.2 Сызбада шарттар және жеңілдетулерді пайдаланып, проекциялау тәсілдерін қолдану туралы терең білімдерін көрсету
- 10.2.3.3 Бұйымдардың геометриялық формаларын талдау барысында сызбаларды оқу және орындау
2.4 Қималар мен тіліктер
- 10.2.4.1 Сызбаларда қима мен тіліктерді қолданудың маңыздылығын білу және түсіну
- 10.2.4.2 Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін білу және қолдану
- 10.2.4.3 Қима мен тіліктерді орындау барысында шарттар мен жеңілдетулерді қолдану
3-бөлім. Кескіндерді түрлендіру
3.1 Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру
- 10.3.1.1 Проекциялау әдістерін өзгерту арқылы заттардың (денелердің) сызбаларың орындау
- 10.3.1.2 Кескіннің түрі мен құрамын өзгерту (кескінді ауыстыру) арқылы немесе кескіннің масштабын өзгерту арқылы заттардын (денелердін) сызбаларын орындау
3.2 Кескіндерді қайта құру
- 10.3.2.1 Ішінара кескіндер арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасау
- 10.3.2.2 Ауызша сипаттау арқылы геометриялық денелердің графикалық кескінін немесе сызбасын құру
4-бөлім. Форманың қалыптасуы және құрылымдау
4.1 Геометриялық денелердің формаларының қалыптасу заңдылықтары
- 10.4.1.1 Геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі заңдылықтарын және принциптерін білу
- 10.4.1.2 Әртүрлі беттер мен форма құрастыру тәсілдерін білу және түсінгенін көрсету (көпқырлы және қисық беттер)
4.2 Формаларды құрылымдау
- 10.4.2.1 Берілген көрсеткіштер бойынша формаларды құрылымдау
4.3 Беттің жазбалары
- 10.4.3.1 Жазылатын және жазылмайтын беттердің кескіндерінің ерекшеліктерін білу және түсіну
- 10.4.3.2 Қарапайым геометриялық денелердің жазбасының сызбаларын орындау
5-бөлім. Форманы түрлендіру
5.1 Зат формасын түрлендіру
- 10.5.1.1 Бөлшектерін жою және басып шығару арқылы зат формасын түрлендіру
5.2 Кескіндер арқылы заттардың формаларын түрлендіру
- 10.5.2.1 Кеңістіктегі бұйымның проекциялау жазықтығына қатынасы туралы білгенін және түсінгенін көрсету
- 10.5.2.2 Кеңістіктегі нысанның немесе бөліктерінің орнын ауыстырып, сызбасын орындау
6-бөлім. Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
6.1 Стандарттау
- 10.6.1.1 Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы жалпы түсінікті білу
6.2 Бөлшектердің қосылыстары. Құрастыру сызбасы
- 10.6.2.1 Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу
- 10.6.2.2 Құрастырмалы сызбаны орындау және безендіру ережелерін білу
- 10.6.2.3 Құрастыру сызбасынын ежей-тегжейін және эскизін білу және орындау
6.3 Сәулет – құрылыс графикасының элементтері
- 10.6.3.1 Құрылыс сызбаларының (жоспар, қасбет, тілік) ерекшеліктері мен міндетін түсіну
- 10.6.3.2 Әртүрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу
7-бөлім. Шығармашылық тапсырмалар
7.1 Жобалық қызметке жалпы даярлықтарын дамытатын жаттығулар
- 10.7.1.1 Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Кескіннің мәні мен тарихы | 10.1.1.1 |
| Графикалық кескінді орындау әдістері | 10.1.1.2 |
| Негізгі сызу құралдары, жұмыстың тәсілдері мен жұмыс орнын ұйымдастыру | 10.1.2.1, 10.1.2.2 |
| Сызбаны безендіру ережелері (формат, масштаб, негізгі жазулар) | 10.1.3.1, 10.1.3.2 |
| Тәжірибелік жұмыс (сызық түрлері, сызба қаріптері, өлшемдерді қою) | 10.1.3.3 |
| Шеңберлерді және бұрыштарды, кесіндіні тең бөліктерге бөлу | 10.1.4.1 |
| Түйіндесулер | 10.1.4.2 |
Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
2-тоқсан
Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
3-тоқсан
Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
Кескіндерді түрлендіру
Форманың қалыптасуы және құрылымдау
4-тоқсан
Форманы түрлендіру
Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Стандарттау. Бұйым, бөлшек және оның элементтері | 10.6.1.1 |
| Бөлшектердің қосылыстары. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер | 10.6.2.1 |
| Құрастыру сызбасы (графикалық жұмыс) | 10.6.2.2, 10.6.2.3 |
| Құрылыс сызбалары туралы жалпы мағлұмат | 10.6.3.1 |
| Қарапайым құрылыс сызбаларын оқу және орындау | 10.6.3.2 |
Басқа сыныптар
- Графика және жобалау, 10-сынып
- Графика және жобалау, 11-сынып