Мазмұнға өту
Көмек

Telly-де қалай тіркелуге болады

Тіркелу бірнеше минут алады және тегін: карта керек емес, сынақ кезеңі бірден қосылады. Телефон нөмірі кейінірек — құжатты алғаш жүктегенде расталады.

Тіркелу

Мазмұны

1. Тіркелу бетін ашыңыз

telly.kz/register сілтемесі бойынша өтіңіз немесе Telly-дің кез келген бетінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Тегін бастау» түймесін басыңыз.

«Тілді таңдаңыз» терезесі шықса, қазақ немесе орыс тілін таңдаңыз. Тілді кейін мәзірден ауыстыруға болады.

2. Өрістерді толтырыңыз

  • Аты-жөні — сізге қалай жүгінуге болады.
  • Телефон — ұялы нөміріңіз. Telly-ге осы нөмірмен кіресіз, төлем де осы нөмірге есептеледі. Telegram аккаунтыңыз тіркелген нөмірді көрсетіңіз: нөмір Telegram арқылы расталады, құпия сөз де сол арқылы қалпына келтіріледі.
  • Email — өзіңіз қолданатын пошта.
  • Мектеп — мектебіңіздің атауы.
  • Промокод — тек сізге берілген болса; болмаса өрісті бос қалдырыңыз.
Тіркелу формасы: аты-жөні, телефон, email және мектеп

3. Құпия сөз ойлап, аккаунт құрыңыз

Құпия сөз кемінде 6 таңбадан тұруы керек. Оны жазып алыңыз немесе браузерде сақтаңыз. Оферта мен құпиялылық саясатына келісім белгісін қойып, «Аккаунт құру» түймесін басыңыз.

Құпия сөз, келісім белгісі және «Аккаунт құру» түймесі
Белгі қойып, «Аккаунт құру» түймесін басыңыз

4. Дайын: сынақ кезеңі басталды

Тіркелген бойда жеке кабинет ашылады. Сынақ кезеңі — 30 күн: үш ҚМЖ, үш БЖБ-ТЖБ, үш жұмыс парағы және үш сынып сағаты. Карта керек емес, ақша шешілмейді.

Тіркелуден кейінгі кабинет: сынақ кезеңі және қалған құжаттар
Сынақ кезеңінің мерзімі мен қалған құжаттар — кабинеттің басты бетінде

5. Алғашқы жүктеуде нөмірді растаңыз

Құжатты алғаш жүктегенде Telly телефон нөмірін бір рет растауды сұрайды. Растау Telegram арқылы жүреді — WhatsApp арқылы растау қазір жұмыс істемейді.

  1. «Telegram-ды ашу» түймесін басыңыз. Телефонда Telegram қосымшасы бірден ашылады. Компьютерде Telegram беті ашылады — онда OPEN IN WEB түймесін басыңыз немесе қосымшаны ашыңыз.
  2. Telly ботымен чатта төмендегі START түймесін (орыс тіліндегі Telegram-да ол «Запустить» немесе «Начать» деп аталуы мүмкін), содан кейін «Нөмірмен бөлісу» түймесін басып, растаңыз.
  3. Telly бетіне оралыңыз — ол өзі жаңартылады да, файл жүктеледі.
Нөмірді растау: «Telegram-ды ашу» түймесі
«Telegram-ды ашу» түймесін басып, ботта нөміріңізбен бөлісіңіз

Маңызды. Бот тек Telegram аккаунтыңыз тіркелген нөмірді қабылдайды. Telly-де басқа нөмір көрсетілсе, растау өтпейді — қолдау қызметіне жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз.

Бірдеңе шықпаса

«Сізде аккаунт бар» деп жазады

Бұл нөмір немесе email бұрын тіркелген — мысалы, сервис әлі iTeacher деп аталған кезде. Осы нөмірмен кіріңіз, ал құпия сөзді ұмытсаңыз, оны қалпына келтіріңіз.

Менде Telegram жоқ

Телефонға Telegram орнатып, оған Telly-де көрсетілген нөмірмен кіріңіз. Бұл мүмкін болмаса, қолдау қызметіне жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз.