СЫНЫМАТЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮМЫСЫ (СОР)
ПӘНІ: Химия
СЫНЫП: 11
ТАҚЫРЫП: Азот және күкірт
Оқу мақсаттары:
11.2.1.7 Азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру.
11.2.1.8 Аммиактың химиялық қасиеттерін білу.
11.2.1.11 Азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру.
11.2.1.12 Азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау.
11.2.1.13 Азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну.
11.2.1.14 Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру.
11.2.1.15 Сульфид ионын тәжірибе жүзінде анықтау.
11.2.1.18 Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру.
11.2.1.19 Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіре алу.
11.2.1.20 Күкірт қышқылының қолданылу аймағын атау.
Жалпы балл: 15
1-нұсқа
1-тапсырма (3 балл). Азот молекуласының (N2) химиялық белсенділігі төмен болуының себебін түсіндіріңіз. Үш коваленттік байланыс қалай пайда болады және бұл молекуланың тұрақтылығына қалай әсер етеді?