СЫНЫП ІШІНДІК БАҒАЛАУ
Бөлім бойынша жиынтық бағалау (СОР)
Пән: Химия
Сынып: 11
Бөлім тақырыбы: Тірі ағза химиясы
Жалпы балл: 18
Оқу мақсаттары:
- 11.5.1.14 өмір үшін нәруыздардың ролін сипаттау;
- 11.5.1.16 нәруыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;
- 11.5.1.15 нәруызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;
- 11.5.1.17 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;
- 11.5.1.18 ДНҚ құрылымының моделін сипаттау;
- 11.5.1.19 биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің рөлін бағалау;
- 11.5.1.20 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;
- 11.5.1.21 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Өмір үшін нәруыздардың ролін сипаттаңыз. (2 балл)
Нәруыздардың тірі организмдердегі екі маңызды қызметін атап, әрқайсысына бір мысал келтіріңіз.