📘 Жеке жұмыс парағы
Пән: Қазақ тілі (Т1)
Сынып: 9
Тақырып: Қысқарған сөздер
Педагог: ____________________
Мектеп: ____________________
Оқушының аты-жөні: Күн (1-сабақ 08.10): (2-сабақ 13.10):
📌 Нұсқау: Барлық тапсырманы мұқият оқып, өз ойыңды жаз. Қысқарған сөздердің емлесіне назар аудар. Жауаптарыңды әр тапсырмадан кейін бос орынға жаз. Сәттілік! 🔹 Ерекше талап: қажет болса, үлкен әріппен, анық жаз. Тапсырмаларды ретімен орында.
1-тапсырма Сәйкестендір
Мақсаты: Қысқарған сөздер мен олардың толық нұсқасын байланыстыру.
Төмендегі кестеде қысқарған сөздер мен толық атаулар аралас берілген. Әр қысқартудың жанына толық атауын сәйкестендіріп жаз.
Қысқарған сөз
- 1) ҚР
- 2) БҰҰ
- 3) ТМД
- 4) АҚШ
- 5) ҚазҰУ
Толық атауы (жауап)
1) _________________________________
2) _________________________________
3) _________________________________
4) _________________________________
5) _________________________________
Үлгі: ҚР – Қазақстан Республикасы.