Тест: 1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 9
Оқу мақсаттары: 9.3.2.2 «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау;
9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау;
9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Қырғи қабақ соғыс ұғымын түсіндіру үшін 1946-1963 жылдардағы қандай оқиға маңызды болып саналады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) У. Черчилльдің Фултондағы сөзі
B) Берлин қабырғасының құлауы
C) Вьетнам соғысының аяқталуы
D) КСРО-ның ыдырауы
2-сұрақ
НАТО әскери-саяси одағы қай жылы құрылды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 1949 жылы
B) 1955 жылы
C) 1945 жылы
D) 1960 жылы
3-сұрақ
Варшава келісім ұйымына (ВШҰ) кірген мемлекеттердің бірі:
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Польша
B) Франция
C) Ұлыбритания
D) АҚШ