Тест: Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 7
Оқу мақсаттары: 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.2.2.2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;
7.3.1.1 республикалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Давидтің «Мараттың өлімі» картинасы қандай өнер стиліне жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Неоклассицизм
B) Романтизм
C) Импрессионизм
D) Реализм
2-сұрақ
Бодридің «Мараттың өлімі» картинасында Марат қалай бейнеленген?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қанішер және зұлым адам ретінде
B) Батыр және құрбан ретінде
C) Бейтарап тұлға ретінде
D) Корольді жақтаушы ретінде
3-сұрақ
Давидтің картинасында Мараттың қолындағы қағазда не жазылған?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Шарлотта Корденің өтініші
B) Мараттың соңғы сөздері
C) Революция туралы үндеу
D) Корольге хат