Тест: Меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
Пән: Құқық негіздері
Сынып: 9
Оқу мақсаттары: 9.2.1.2 меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылу жолдарын көрсету
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 10 мин
1-сұрақ
Меншік құқығының тоқтатылуына негіз болатын жағдайды анықтаңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Меншік иесінің мүлiктi сақтамауы
B) Мүлiктi мемлекет қажеттіліктері үшін мәжбүрлеп алып қою
C) Меншiк иесiнiң мүлiктi жалға беруi
D) Меншiк иесiнiң мүлiктi кепiлге салуы
E) Мүлiктiң табиғи тозуы
2-сұрақ
Азамат А. өзінің жеке үйін сатып, түскен ақшаға пәтер сатып алды. Бұл жағдайда меншік құқығы қай кезден бастап пайда болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Сатып алу-сату шартына қол қойылған кезден бастап
B) Ақша толық төленген кезден бастап
C) Меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап
D) Пәтерге кіруге рұқсат алған кезден бастап
E) Нотариус куәландырған кезден бастап
3-сұрақ
Меншік иесінің өз мүлкіне қатысты қандай міндеттері бар?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мүлiктi тек өз қажеттілігі үшін пайдалану
B) Мүлiктi сақтау және оған салық төлеу
C) Мүлiктi міндетті түрде сақтандыру
D) Мүлiктi мемлекеттік органдарға тiркеу
E) Мүлiкті жылына бір рет тексеруден өткiзу