Тест: Шамалардың арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл
Пән: Математика
Сынып: 6
Оқу мақсаттары: 6.5.2.5 шамалар арсындағы тәуелділікке есептер шығару;
6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Шамалар арасындағы тәуелділікті көрсетудің қандай тәсілдері бар?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Аналитикалық, кестелік, графиктік
B) Сандық, әріптік, суреттік
C) Ауызша, жазбаша, электронды
D) Тікелей, кері, күрделі
2-сұрақ
y = 5x формуласымен берілген тәуелділік қандай тәсілмен берілген?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Аналитикалық тәсіл
B) Кестелік тәсіл
C) Графиктік тәсіл
D) Сөздік тәсіл
3-сұрақ
Бір пирожоктың бағасы 150 теңге болса, n пирожокқа төленетін жалпы ақшаны (S) есептеу формуласы қандай болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) S = 150 * n
B) n = 150 * S
C) S = 150 + n
D) S = n / 150