Тест: өзіңді тексер
Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1-шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.2.2.1.- шығарманы қаайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Мәтіннің тақырыбын анықтау үшін не істеу керек?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мәтіндегі басты оқиғаны анықтау
B) Мәтіндегі кейіпкерлердің атын жаттау
C) Мәтіннің көлемін өлшеу
D) Мәтіндегі сөздердің санын санау
2-сұрақ
Автордың негізгі ойын дәлелдеу үшін мәтіннен не келтіру керек?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мәтіндегі нақты деректер мен мысалдар
B) Мәтіннің алғашқы сөйлемі ғана
C) Мәтіннің соңғы сөзі
D) Мәтіндегі кейіпкерлердің суреттері
3-сұрақ
Шығарманы қайта құруға негізделген сұрақ қайсысы?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Егер ғарышкер басқа планетаға қонса, не болар еді?
B) Мәтінде неше кейіпкер бар?
C) Ғарышкердің аты кім?
D) Мәтін қай жылы жазылған?