Тест: Төл сөз, төлеу сөз және автор сөзі
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 30 мин
1-сұрақ
Төл сөз дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Автордың табиғатты суреттеуі
B) біреудің сөзінің өзгертілмей, дәл берілуі
C) Біреудің сөзінің мазмұны өзгертіліп берілуі
D) Сөйлемдегі қаратпа сөз
E) Автордың оқиғаны қорытындылауы
2-сұрақ
Төлеу сөздің анықтамасын табыңыз
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Сөйлеушінің өзіне қойған сұрағы
B) Өзгеріссіз берілген біреудің сөзі
C) Біреудің сөзінің мазмұны сақталып, автор тарапынан өзгертіліп берілу
D) Адамның көңіл күйін білдіретін сөз
E) кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуі
3-сұрақ
Сөйлемдегі автор сөзін және оның қызметін дұрыс анықтаңыз. Мен жарысқа қатысамын», — деді Айбек қуана.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) «Мен жарысқа қатысамын» — сөздің кімге тиесілі екенін білдіреді
B) «Деді Айбек қуана» — сөйлеушіні және оның қалай сөйлегенін танытады
C) «Айбек қуана» — біреудің сөзін өзгеріссіз жеткізеді
D) «Жарысқа қатысамын» — автордың түсіндірмесін білдіреді
E) Мен» — сөйлеушінің көңіл күйін танытады