Тест: Тіл және қарым-қатынас
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Сұрақ саны: 40
Уақыты: 60 мин
1-сұрақ
Буын үндестігі де, қатаң-ұяң дыбыс өзгерісі де байқалатын сөзді тап.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Балалар
B) Қаламды
C) Көшеде
D) Теректер
E) Күрегім
2-сұрақ
Жазылуы мен айтылуында айырмашылық бар, емлесі дұрыс сөз қайсы?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жұмысқа
B) Көкөніс
C) Ауылға
D) Қоңыр
E) Жанжабіл
3-сұрақ
Екі дауысты дыбыстың қатар келуіне байланысты емле ерекшелігі бар сөзді көрсет.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Оқушы
B) Қойма
C) Тауық
D) Сурет
E) Киік