Тест: Шерхан Мұртаза «Тәуекел той»
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 10
Сұрақ саны: 7
Уақыты: 30 мин
1-сұрақ
«Қазақтың арманы: той, той, той» деген сөйлемдегі қайталаудың қызметі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Оқиғаның уақыттық ретін көрсету
B) Той ұғымының маңызын бейтарап түрде түсіндіру
C) Тойшылдық психологиясын ирониялық сипатта күшейту
D) Кейіпкерлердің қуанышын эмоционалды түрде жеткізу
E) Ұлттық салт-дәстүрді мадақтау
2-сұрақ
Бақалардың күлуі мен адамдардың бриллиант үшін жанжалдасуы қатар суреттелген эпизодтың көркемдік негізі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Градация және антитеза
B) Анафора және литота
C) Метафора және инверсия
D) Антитеза және ирония
E) Аллитерация және теңеу
3-сұрақ
«Аспаннан алтын артып келе жатқан керуен көрінбеді» деген бейнелі қолданыстың көркемдік қызметін анықтаңыз
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Символ, ұлттық дәстүрдің жойылуын білдіру.
B) Градация, оқиғаның шарықтау шегін белгілеу
C) Аллегория, Ұлттық дәстүрдің өзгермейтіндігін дәлелдеу
D) Эпитет, табиғаттың әсемдігін сипаттау
E) Ирония, кейіпкердің байлықтан күткен үмітін астарлап жеткізу