Тест: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 10
Оқу мақсаттары: 10.2.3.1 – Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.
Сұрақ саны: 7
Уақыты: 30 мин
1-сұрақ
2. Өлеңдегі «Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі – қан, бірі – май боп енді екі ұртың» деген жолдарда қандай айшықтау амалы қолданылған?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Анафора
B) Градация
C) Антитеза
D) Инверсия
E) Реторикалық сұрақ
2-сұрақ
«Аузымен орақ орған өңкей қыртың» деген жолдағы «аузымен орақ орған» тіркесінің көркемдік қызметі:
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Халықтың егіншілікпен айналысатынын нақты суреттейді.
B) Тілінің улылығын, сөзге жүйріктігін, біреудің сыртынан сөйлейтін мінезін метафора арқылы жеткізеді.
C) Халықтың батырлығын, қарулы екенін гипербола арқылы білдіреді.
D) Сыртқы келбеттің әдемілігін теңеу арқылы сипаттайды.
E) Ел ішіндегі байлықты, дәулетті эпитет арқылы көрсетеді.
3-сұрақ
«Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?» деп келген тармақтағы ақынның сұрақ қоюының негізгі мақсаты
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Оқырманнан нақты жауап алу, пікірін білу.
B) Өзінің білмегенін анықтау, күмәнін шешу.
C) Халықтың сыртқы келбетінің әдемілігін мадақтау.
D) Ел ішіндегі алауыздықтың, берекесіздіктің ащы шындығын, келеңсіздігін әсерлі жеткізу.
E) Өз заманындағы ғұламалармен пікірталасқа түсу.