Тест: Металдар құймалары. №5көрсетілім «Металдар және құймалар»
Пән: Химия
Сынып: 9
Оқу мақсаттары: 9.1.4.3 -құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу
9.1.4.4 -шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
9.4.2.5 -Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Құйма дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Таза металдардың механикалық қоспасы
B) Екі немесе одан да көп компоненттерді балқытып араластыру арқылы алынған біртекті материал
C) Металл оксидтерінің судағы ерітіндісі
D) Табиғи кеннен бөлініп алынған металл
2-сұрақ
Құймалардың таза металдардан қандай артықшылығы бар?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Олардың тығыздығы төмен болады
B) Олардың химиялық белсенділігі жоғары болады
C) Олар беріктігі мен қаттылығы жоғары, коррозияға төзімді келеді
D) Олар таза металдардан жеңілірек болады
3-сұрақ
Төмендегі заттардың қайсысы құймаға жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Алюминий
B) Темір
C) Қола
D) Мыс