Тест: ЭДТ тұрғысынан негіздердің, қышқылдардың, тұздардың қасиеттері
Пән: Химия
Сынып: 9
Оқу мақсаттары: 9.3.4.1 -қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру
9.3.4.2 -қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау
9.3.4.3-орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Хлорсутек қышқылының диссоциация теңдеуін көрсетіңіз:
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) HCl → H⁺ + Cl⁻
B) HCl → H₂⁺ + Cl₂⁻
C) HCl → H⁺ + Cl₂⁻
D) HCl → H₂⁺ + Cl⁻
2-сұрақ
Натрий гидроксидінің диссоциациясы нәтижесінде қандай иондар түзіледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Na⁺ және OH⁻
B) Na²⁺ және OH⁻
C) Na⁺ және H⁺
D) Na⁺ және O²⁻
3-сұрақ
Төмендегі тұздардың қайсысы суда ерігенде калий ионы (K⁺) және карбонат ионы (CO₃²⁻) түзеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) K₂CO₃
B) KCl
C) KNO₃
D) K₂SO₄