Тест: Ауа. Ауаның құрамы. №6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»
Пән: Химия
Сынып: 7
Оқу мақсаттары: 7.3.1.1-ауа құрамын білу;
7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу
Сұрақ саны: 20
Уақыты: 30 мин
1-сұрақ
Ауаның сапалық құрамын анықтайтын тәжірибеде балауыз шамды жаққаннан кейін цилиндр ішіндегі су неге жоғары көтеріледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Цилиндрдегі азот сумен әрекеттеседі
B) Су буы цилиндрде конденсацияланады
C) Жану кезінде оттек жұмсалып, цилиндрдегі қысым төмендейді
D) Цилиндрдегі ауа қызады да, көлемі ұлғаяды
2-сұрақ
Ауа құрамындағы оттектің көлемдік үлесі қанша?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 50%
B) 21%
C) 0,03%
D) 78%
3-сұрақ
Ауаның көлемдік құрамы бойынша ең көп таралған газ қайсы?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Көмірқышқыл газы
B) Аргон
C) Азот
D) Оттек