Тест: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Пән: Химия
Сынып: 7
Оқу мақсаттары: 7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі қайда орналасқан?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қарағанды облысы
B) Атырау облысы
C) Шығыс Қазақстан облысы
D) Алматы облысы
2-сұрақ
Қазақстандағы полиметалл кендері негізінен қай өңірде кездеседі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Батыс Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Оңтүстік Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
3-сұрақ
Қазақстандағы ең ірі көмір кен орны қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қарашығанақ
B) Қашаған
C) Екібастұз
D) Теніз