Тест: Нәруыздар. Нәруыз молекулаларының құрылымы
Пән: Химия
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.5.1.14 өмір үшін нәруыздардың ролін сипаттау;
11.5.1.16 нәруыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау
Сұрақ саны: 15
Уақыты: 25 мин
1-сұрақ
Нәруыздар қандай байланыспен байланысқан α-аминқышқылдарының қалдықтарынан тұрады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Дисульфидтік байланыспен
B) Күрделі эфирлік байланыспен
C) Пептидтік байланыспен
D) Сутектік байланыспен
2-сұрақ
Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының ретті полипептидтік тізбек түзе байланысуы қандай құрылым деп аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Екінші реттік құрылым
B) Төртінші реттік құрылым
C) Бірінші реттік құрылым
D) Үшінші реттік құрылым
3-сұрақ
Полипептидтік тізбектің оралтып оралма түрдегі екінші реттік құрылымына не әкеледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Молекулаішілік сутектік байланыстар
B) Иондық байланыстар
C) Күрделі эфирлік байланыстар
D) Дисульфидтік байланыстар