Тест: Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері. №9 зертханалық тәжірибе «Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерге калий дихроматы әсерін зерттеу».
Пән: Химия
Сынып: 10
Оқу мақсаттары: 10. 4. 2. 30 - спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу;
10. 4. 2. 31 - молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру;
10. 4. 2. 32 - біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Спирттердің жіктелуінде негізгі белгі ретінде қандай факторлар алынады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Гидроксил тобының саны және орналасуы
B) Көміртегі атомдарының саны
C) Молекуланың массасы
D) Қанықпаған байланыстардың болуы
2-сұрақ
Біріншілік спирттерге қай қосылыс жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Этанол
B) Изопропанол
C) Трет-бутанол
D) Глицерин
3-сұрақ
Көпатомды спирттерге сапалық реакция ретінде қолданылатын реагент?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мыс (II) гидроксиді
B) Натрий хлориді
C) Калий перманганаты
D) Күкірт қышқылы