Тест: Магниттік-резонанстық томография. БЖБ№8
Пән: Физика
Сынып: 10
Оқу мақсаттары: 10.4.2.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Магниттік-резонанстық томография (МРТ) қандай физикалық құбылысқа негізделген?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ядролық магниттік резонанс
B) Электромагниттік индукция
C) Фотоэффект
D) Рентген сәулесінің шағылуы
2-сұрақ
МРТ-де адам ағзасын зерттеу үшін қандай атомдардың магниттік моменттері қолданылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Сутегі атомдары
B) Көміртегі атомдары
C) Оттегі атомдары
D) Азот атомдары
3-сұрақ
МРТ-нің рентгенге қарағанда басты артықшылығы қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Иондаушы сәулеленудің болмауы
B) Зерттеу уақытының қысқа болуы
C) Құрылғының арзандығы
D) Кез келген бөлмеде қолдану мүмкіндігі