Тест: Тыныс алутарауы бойынша қайталау
Пән: Биология
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.1.4.3-өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.жәнеқалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
8.1.4.1-өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизмдерін сипаттау
8.1.4.2-тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бір тыныс алу кезіндегі өкпеге кіретін ауа көлемі
B) Терең дем алғаннан кейін шығарылатын максималды ауа көлемі
C) Тыныс шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауа көлемі
D) Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауа көлемі
2-сұрақ
Тыныс алудың минуттық көлемін (ТМК) қандай формула арқылы есептеуге болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) ТМК = ӨТС × тыныс алу жиілігі
B) ТМК = бір тыныс алу көлемі × тыныс алу жиілігі
C) ТМК = бір тыныс алу көлемі + тыныс алу жиілігі
D) ТМК = ӨТС - бір тыныс алу көлемі
3-сұрақ
Қалыпты жағдайда ересек адамның бір тыныс алу көлемі шамамен қаншаға тең?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 0,5 л
B) 1,0 л
C) 2,0 л
D) 3,5 л