Тест: Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары
Пән: Биология
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Буыннан буынға белгілер мен қасиеттердің берілуі
B) Жаңа түрлердің пайда болу процесі
C) Жеке дараның өмір бойы қоршаған ортаға бейімделуі
D) Тірі организмдердің сыртқы құрылымындағы өзгерістер
2-сұрақ
Өзгергіштіктің түрлерінің эволюциялық маңызы неде?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ол табиғи сұрыпталу үшін материал береді
B) Ол түр ішіндегі барлық дараларды біркелкі етеді
C) Ол тұқым қуалаушылықты толық тоқтатады
D) Ол организмдердің өмір сүру ұзақтығын тікелей арттырады
3-сұрақ
Г.Мендельдің бірінші заңы (біртектілік заңы) бойынша, екі таза тұқымды ата-ананы будандастырғанда бірінші ұрпақта нені байқауға болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Барлық будандар фенотипте біртекті болады
B) Будандарда белгілер 3:1 қатынасында бөлінеді
C) Будандар ата-аналарының екеуіне де ұқсамайды
D) Әрбір буданда жаңа, бұрын болмаған белгі пайда болады