Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
1.1 Материалдың атауы, түрі мен қасиетін білу және түсіну
- 4.1.1.1 Материал түрлерін жіктей білу
- 4.1.1.2 дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдардың түрлерін ажырата білу
- 4.1.1.3 материал қасиеттерінің сипаттамасына (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі, түсі, пішіні, көлемі) мысал келтіру
1.2 Материалдың қолданылу саласын білу және түсіну
- 4.1.2.1 материалдардың қолданылу аясы туралы білімдерін түйіндеу, мысал келтіру
- 4.1.2.2 дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдардың қолданылу саласын анықтау
- 4.1.2.3 түрлі материал қасиеттерінің сипатына қарай қолданылу саласын жіктеп көрсету
1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
- 4.1.3.1 бұйымдардың дизайнын дайындау бойынша идеяларды ұсыну
- 4.1.3.2 шығармашылық идеяларды дамытуда сәндік-қолданбалы өнердің элементтерін қолдану жолдарын ойластыру
- 4.1.3.3 әр түрлі дерек көздерден алынған ақпаратты (соның ішінде АКТ қолдану) пайдалана отырып, шығармашылық идеяларды жүзеге асыру
1.4 Жоспарлау
- 4.1.4.1 шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтау
- 4.1.4.2 жұмыстың тиімді жолдарын жоспарлап ұсыну
2-бөлім. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
2.1 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары
- 4.2.1.1 қарапайым әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қалдық материалдарды қайта өңдеу, эксперимент жүргізу
- 4.2.1.2 шикізат материалдарын пайдаланып шығармашылық жұмыстарды орындауда әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну
- 4.2.1.3 ұсынылған материалдардан шығармашылық жұмысты орындаудың тиімді тәсілдерін меңгеру
2.2 Дайындау технологиялары
- 4.2.2.1 нұсқаулыққа сәйкес көлемді фигураларды жасау (өлшеу, белгілеу, қию, формасын және түсін келтіру, жинақтау, модельдеу мен құрастыру)
- 4.2.2.2 бұйымдарды құрастыру кезінде күрделенген ұлттық элементтерді қолдану
- 4.2.2.3 шығармашылық жұмыста түрлі материал қалдықтарын қайт өңдеп, өз идеясын ұсыну
- 4.2.2.4 шығармашылық жұмысты аяқтау, дәстүрлі емес материалдармен безендіру
- 4.2.2.5 әр түрлі технологиялардың көмегімен заманауи өнімдерді жасау
2.3 Қауіпсіздік техникасын сақтау
- 4.2.3.1 материалдар және құралдармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасын сақтау
- 4.2.3.2 мүмкіндігіне қарай өз жұмыс орнында гигиеналық талаптарды сақтау
- 4.2.3.3 қалдық материалдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, қолдану аясын білу
3-бөлім. Презентация, талдау және бағалау
3.1 Презентация
- 4.3.1.1 өз жұмысының идеясы мен процесін шығармашылықпен ұсыну; (соның ішінде АКТ қолдану)
3.2 Шығармашылық жұмыстарды талдау және бағалау
- 4.3.2.1 мүмкіндігіне қарай орындалған жұмысты талқылау және бағалау, шығармашылық жұмысқа түсініктеме беру және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу, өзінің ұсыныстарын негіздеу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
2 Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
3. Презентация, талдау және бағалау
2-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
3-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
4-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
Басқа сыныптар
- Еңбекке баулу, 1-сынып
- Еңбекке баулу, 2-сынып
- Еңбекке баулу, 3-сынып
- Еңбекке баулу, 4-сынып