Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
1.1 Материалдың атауы, түрі мен қасиетін білу және түсіну
- 2.1.1.1 материал түрлерінің атауларын ажырату және олардың қасиеттері мен қолданылуы туралы зерделеу
- 2.1.1.2 материал қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі, түсі, пішіні, көлемі) анықтау
1.2 Материалдың қолданылу саласын білу және түсіну
- 2.1.2.1 материалдар мен құралдарды пайдалану, қолдану мүмкіндіктерін қарастыру
- 2.1.2.2 түрлі материал қасиеттерінің сипатына қарай ажырату, қолданылу саласын анықтау
1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
- 2.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту үшін ақпарат жинау және жұмыстың эскизін жасау
- 2.1.3.2 шығармашылық идеяларды дамытуда сәндік-қолданбалы өнердің қарапайым элементтерін қолдану
1.4 Жоспарлау
- 2.1.4.1 шығармашылық жұмысқа қажет материалдарды және орындаудың реттілігін анықтау
2-бөлім. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
2.1 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары
- 2.2.1.1 қарапайым әдіс-тәсілдерді пайдаланып, материалдарды жинау, сұрыптау, қолдануға дайындау
- 2.2.1.2 сәндік-қолданбалы өнер элементтері бар бұйымдарды орындау тәсілдерін талдау
2.2 Дайындау технологиялары
- 2.2.2.1 үлгіні пайдаланып бұйымның бөлшектерін біріктіру
- 2.2.2.2 шығармашылық жұмыстарды жасау барысында ұлттық элементтердің түрлерін ажырату
- 2.2.2.3 қарапайым тәсілдер мен материалдарды пайдаланып бөлшектерді модельдеу және құрастыру
2.3 Қауіпсіздік техникасын сақтау
- 2.2.3.1 материалдар және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын қолдану
- 2.2.3.2 өзінің мүмкіндігіне қарай жұмыс орнында гигиеналық талаптарды тізбектеу және сақтау
3-бөлім. Презентация, талдау және бағалау
3.1 Презентация
- 2.3.1.1 өз жұмысының идеясы түсіндіріп, ұсыну (көрме)
3.2 Шығармашылық жұмыстарды талдау және бағалау
- 2.3.2.1 мүмкіндігіне қарай орындалған жұмысты талқылау және бағалау, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
2-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
3-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
4-тоқсан
Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Презентация, талдау және бағалау
Басқа сыныптар
- Еңбекке баулу, 1-сынып
- Еңбекке баулу, 2-сынып
- Еңбекке баулу, 3-сынып
- Еңбекке баулу, 4-сынып