Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Бөлімдер мен тақырыптар, сағаттары және күтілетін нәтижелері — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Бұл бағдарламада оқу мақсаттарының кодтары жоқ.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Курс мазмұны

9‑сыныптың бөлімдері мен тақырыптары — бағдарламадағыдай. Сағаттар, нәтижелер мен ескертпелер бағдарлама атаған жерде көрсетілген.

Оку пәнінің мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды

№ Тақырып Сағат
1 Кіріспе

"Зайырлылық және дінтану негіздері" курсының мәні.

1
2 Зайырлылық және зайырлы мемлекет

зайырлылық ұғымының анықтамасы, мәні мен сипаты. Зайырлы мемлекет және дін. Зайырлы этика негіздері. Білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары.

1
3 Діннің қалыптасуы мен мәні, әлеуметтік маңызы мен жіктелуі

Діннің құрылымы және функциялары. Дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Негізгі діни ұғымдар. Политеизм. Монотеизм. Дін - рухани мәдениет феномені.

2
4 Діннің шығу тегі мен тарихи формалары

Ежелгі сенім жүйелері, ұлттық және дәстүрлі діндер. Ежелгі Египеттегі, Грециядағы, Римдегі діни өкілдіктер. Шығыс елдерінің діни дүниетаным жүйелері. Зороастрлық діни жүйе. Тәңірлік дүниетаным. Дін мұғалімдерінің ежелгі діни қауымдастықтарының тарихы. Мұса мен Тора. Талмуд.

3
5 Буддизм діни ілім негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары

Буддизмнің аясындағы діни ағым тармақтары.

1
6 Христиан діни ілім негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу өңірлері

Иисус Христос және Библия. Христиан дінінің негізгі бағыттары. Қазіргі заманғы христиан діні.

3
7 Ислам дінінің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу өңірлері

Мұхаммед пайғамбар және Құран Кәрім. Ислам діні аясындағы қалыптасқан діни бағыттар мен ағымдар. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар). Ханафи құқықтық мектебінің ерекшеліктері мен маңызы. Матурудия мектебінің ерекшеліктері мен тарихи ролі. Сопылық танымдық мектебі. Ислам, ғылым және мәдениет.

5
8 Қазақстан аумағындағы ислам

Қарлұқ-Қарахан мемлекетіндегі исламның мемлекеттік дін ретінде орнығуы. Қожа Ахмет Йасауидің хикметі. Алтын Ордадағы исламның тарихы. Қазақ хандығы тұсындағы исламның рөлі. Қазақ жырауларының мұрасындағы исламдық діни таным. Қазақ хандығы тұсындағы зайырлылық бастаулары. XX ғасырдағы Қазақстандағы атезим саясаты. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ислам діні. Ханафи құқықтық нормаларының Қазақстанда таралуы.

5
9 Қазақ жеріне христиан дін өкілдерінің келуі

Қазақстан Республикасы аумағындағы православиелік діни ұйымдар қызметі. Қазақстан Республикасы аумағындағы католиктік және протестанттық діни ұйымдар қызметі.

2
10 Ислам мәдениеті

Исламдық сәулет өнері. Ислам мәдениетінің жазба ескерткіштері. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Хусамеддин Сығнақи, Бұқар жырау, Бекет ата, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Бекасыл Биболатұлы, Ғұмар Қараштың діни мұралары.

3
11 Жалған діни ұйымдар мен ағымдар туралы түсінік

Дін атын жамылған теріс пиғылды ағымдар, олардың белгілері және зардабы. Тыйым салынған діни ұйымдар. Терроршылық - дінге жат ұғым. Діни экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке қатері.

3
12 Қазақстан – унитарлы және зайырлы мемлекет

Қазақ халқы – діни тұтастығын сақтаған ұлт. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы. Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің негізі, ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Діни сенім еркіндігі туралы түсінік. Қазақ халқы Қазақстандағы діни және этникалық тұрақтылықтың кепілі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласында жүргізген саясаты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" тұжырымдамасы. Қазақ Елінің тұрақтылығы, ынтымақтастығы және дін мәселесіндегі сабақтастық ұстанымы.

5

Пәндік нәтижелер. 9‑сыныптың соңында білім алушылар

  • негізгі діни ұғымдарды
  • зайырлылық пен дін арақатынасын
  • діндер тарихы мен сенім ерекшеліктерін
  • жалған діни ағымдардың белгілерін
  • экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерін
  • қазақ халқының сан ғасырлық мұсылмандық таным-түсінігін
  • Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы
  • Республикадағы діни ұйымдар, мемлекет және мәдениет арасындағы өзара қатынасын

Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар

  • конфессияаралық құрмет пен толеранттылықтың негіздерін тануы
  • мемлекет, діни бірлестіктер және мәдениет арасындағы қатынастардың мәнін білуі
  • діни сенім, діни таным, діни сана мен діни тәжірибе аражігін ажырату қабілетіне ие болуы
  • қоғам тіршілігіндегі діннің, сенімнің дүниетанымдық және танымдық миссиясын түсінуі
  • діннің әдеп-ахлақтық құндылықтарын тануы және түсіндіруі
  • діни радикализм мен экстремизм, терроризм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстар идеологияларының қауіпін түсінуі
  • қоғамға қауіпті экстремистік, террористік мәндегі теріс діни ағымдардың ерекшеліктерін тануы
  • дін және ғылым, зайырлылық пен құқық, дін және жалған діни ағымдардың арақатынасын ажырата білуі тиіс

Жүйелілік іс-әрекеттік нәтижелер. Білім алушылар

  • дінтанулық тұрғыдан маңызды мәліметтер мен жүйелі білімді жүйелі игеруі
  • ақпараттарды сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін меңгеруі
  • шығармашылық оқу жобалары мен зерттеу жұмыстарының басқа да түрлерін орындауда пайдалану үшін ақпаратты бағдарлап талдай білуі
  • қоғамға қауіпті экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың насихаты, идеологиялары мен бүлік тәжірибесінің әсеріне қарсы тұра білу
  • қазіргі ақпараттық технологияларды игеруі
  • діни мәселелер бойынша пікірталасқа, ой бөлісуге, түрлі мәдениеттер мен діни жүйенің ерекшеліктері бойынша хабардар болуы тиіс

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.