Оқу бағдарламалары
Ана тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 1‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу мақсаттары
1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 1.1.1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну
- 1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
- 1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
- 1.1.4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану
- 1.1.5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану
- 1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу
- 1.1.6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру
- 1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау
- 1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
- 1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану
- 1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
- 1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу
- 1.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасықарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату
- 1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру
- 1.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
- 1.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу
- 1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну
- 1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру 1.3. 1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру
- 1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру
- 1.3.2.1 мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу
- 1.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу
- 1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету
- 1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
- 1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу
- 1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу
- 1.4.1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су аттары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау
- 1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
- 1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою жүктеу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.