Оқу бағдарламалары
Сауат ашу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 1‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу мақсаттары
1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 1.1.1.1 сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну
- 1.1.2.1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну
- 1.1.3.1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен)
- 1.1.4.1 тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
- 1.1.5.1 сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу)
- 1.1.6.1 сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау
- 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу
- 1.1.8.1 сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру
- 1.1.9.1 сөздегі дыбыстарды ажырату, олардың санын анықтау, олардың белгілерін ажырату (дауысты/дауыссыз, екпінді/ екпінсіз дауысты, жіңішке/жуан дауыссыз, ұяң/қатаң дауыссыз); сөздің дыбыстық сызбасын жасау
- 1.1.9.2 сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу
- 1.1.9.3 дыбыстың буынның және екпіннің мағынаажыратушылық рөлін түсіну
- 1.1.9.4 сөздегі йотты әріптердің қызметін түсіну
- 1.2.1.1 сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
- 1.2.1.2 оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу)
- 1.2.2.1 мәтіннің тақырыбын, автордың ойын анықтау
- 1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтау
- 1.2.4.1 сөздердің мағыналарының жалпылануын ескере отырып, лексикалық мәні мен мағынасын түсіну (заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздер), мағынасы жуық/қарама-қарсы/көпмағыналы сөздер (мұғалімнің көмегімен)
- 1.2.5.1 суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру
- 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, мәтіннің ерекшеліктері бойынша жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) анықтау
- 1.2.7.1 мәтіндердің әліпбилік орналасу ретін пайдалана отырып, бір дереккөзден (сөздік, анықтамалық, балалар энциклопедиясы) ақпаратты табу
- 1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) мәтіндерді салыстыру
- 1.2.9.1 әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру, сөздегі дыбыстар мен әріптердің алшақтығы туралы білу (йотты дауысты дыбыстары бар сөздер, ь бар сөздер)
- 1.2.9.2 сөздегі позициясына байланысты әріптің қызметін түсіну (дауысты дыбыс дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік/жуандық көрсеткіші ретінде)
- 1.2.9.3 сөздегі ь, ъ белгілерінің рөлін түсіну
- 1.3.1.1 суреттік жоспар, мәтіннің сызба- жоспарын құру және тақырып қою (мұғалімнің көмегімен)
- 1.3.2.1 мұғалімнің көмегімен сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, тыңдалған/оқылған мәтіндердегі ақпаратты беру
- 1.3.3.1 сурет, белгі, сызба, тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа жай сөйлемдер/мәтіндер құрастыру/жазу
- 1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер/мәтіндер (хабарлама, құттықтау, хат) жазу
- 1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздердің, сөйлемдердің/мәтіннің жазылуын тексеру және қателерді түзету
- 1.3.6.1 әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау
- 1.3.7.1 жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар (вода, снег, пенал) сөздерді көшіріп жазу/жазу, тасымалдау ережелерін сақтау (мұғалімнің көмегімен)
- 1.3.7.2 жи-ши/ча-ща/чу-щу/-чк-, -чн-/-нщ-, -шн- дұрыс жазу ережесін қолдану
- 1.3.7.3 жалқы есімдерді, сөйлем басындағы сөздерді бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен)
- 1.3.7.4 сөздің соңында және ортасында жіңішкелік белгісі бар сөздерді жазу
- 1.3.8.1 жазбаша сөйлеуде заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, пайдалану, оларды жекеше және көпше түрде өзгерту
- 1.3.9.1 сөйлемнің соңында тыныс белгілерін: нүкте, сұрау, леп белгілерін қою
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.