Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Музыка тыңдау, орындау және талдау
1.1 Музыка тыңдау және талдау
- 6.1.1.1 туған өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы туралы тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі мен жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлері мен байланысын анықтау
- 6.1.1.2 оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу
1.2 Музыкалық сауаттылық
- 6.1.2.1 классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау
- 6.1.2.2 эстрада музыкасының жанрлары мен бағытын анықтау
- 6.1.2.3 көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру
- 6.1.2.4 ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану
1.3 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
- 6.1.3.1 әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауысты немесе канон элементтерін пайдаланып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау
- 6.1.3.2 әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыру
- 6.1.3.3 музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау
2-бөлім. Музыкалық- шығармашылық жұмыстарды жасау
2.1 Идеялар және материалдарды жинақтау
- 6.2.1.1 музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интерпретация жасау
2.2 Музыка шығару және импровизация
- 6.2.2.1 музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысты қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау
- 6.2.2.2 компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау
3-бөлім. Музыкалық шығармашылық жұмыстарды таныстыру және бағалау
3.1 Шығармашылық жұмыстарды таныстыру және бағалау
- 6.3.1.1 шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерийлерге сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу
Ұзақ мерзімді жоспар
Бағдарламада бұл сыныпқа ұзақ мерзімді жоспар жоқ.
Басқа сыныптар
- Музыка, 1-сынып
- Музыка, 2-сынып
- Музыка, 3-сынып
- Музыка, 4-сынып
- Музыка, 5-сынып
- Музыка, 6-сынып