Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Музыка пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Музыка тыңдау, орындау және талдау

1.1 Музыка тыңдау және талдау

  • 5.1.1.1 музыкалық жанрын, стилін, түрін және көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы (туған өлкедегі музыкалық өнердің ерекшеліктері туралы түсінігінің болуын) талдау
  • 5.1.1.2 әлем халықтары музыкалық аспаптарын жасалуы мен дыбысталуына қарай топтастыру, түрлі контекстерде салыстыру

1.2 Музыкалық сауаттылық

  • 5.1.2.1 дәстүрлі халық әндері ("Менің туған өлкемнің 30 әні мен әуені" аудиокаталогын құрастырудың бастапқы дағдыларын) және аспаптық музыканың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау
  • 5.1.2.2 дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын салыстыру
  • 5.1.2.3 қазақ халқының және әлем халықтары музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктерін анықтау
  • 5.1.2.4 ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану

1.3 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

  • 5.1.3.1 әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу
  • 5.1.3.2 қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салт әндерінің орындау тәсілдерін заманауи интепретациясымен салыстыру
  • 5.1.3.3 музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау

2-бөлім. Музыкалық- шығармашылық жұмыстарды жасау

2.1 Идеялар және материалдарды жинақтау

  • 5.2.1.1 музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және материал жинақтау

2.2 Музыка шығару және импровизация

  • 5.2.2.1 музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысты қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау
  • 5.2.2.2 компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

3-бөлім. Музыкалық шығармашылық жұмыстарды таныстыру және бағалау

3.1 Шығармашылық жұмыстарды таныстыру және бағалау

  • 5.3.1.1 өз жұмысын шығармашылықпен көрсету, критерийлерге сәйкес бағалау және өзінің жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу

Ұзақ мерзімді жоспар

Бағдарламада бұл сыныпқа ұзақ мерзімді жоспар жоқ.

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.