БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 7
Бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер
Оқу мақсаттары: 7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау; 7.2.2.1 ұсыныс жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу; 7.2.2.1 кеңес беру, ұсыныс жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.
Жалпы балл: 25
1-нұсқа
1-тапсырма. (Тыңдалым) (8 балл)
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін «Жер бетіндегі климаттың өзгеруі: себептері мен салдары» деп аталады. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- Мәтіннің негізгі идеясын бір сөйлеммен жазыңыз. (2 балл)
- Мәтінде аталған климаттық өзгерістің екі негізгі себебін жазыңыз. (2 балл)
- Климаттың өзгеруі адамзатқа қандай қауіп төндіреді? Мәтін бойынша бір дәлел келтіріңіз. (2 балл)
- Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін дәлелдеңіз (неліктен бұл мәселе бүгінгі күні маңызды?). (2 балл)
Мәтін (оқылады): «Ғалымдардың зерттеуі бойынша, Жер бетінің орташа температурасы соңғы жүз жылда 1,1°C-қа артқан. Бұл өзгерістің басты себептері – парниктік газдардың көбеюі және ормандардың жойылуы. Мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі, шөлейттену және табиғи апаттардың жиілеуі – климаттың өзгеруінің салдары. Адамзаттың болашағы үшін жаңартылатын энергия көздеріне көшу және көміртегі ізін азайту маңызды.»